28 мая 2025


ЖОО-ДА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (НААР) жүргізіп жатқан бағдарламалық аккредиттеу аясында білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың екінші кезеңі басталды.
Бағдарламалық аккредиттеу бакалавриат, магистратура және докторантураның бірқатар білім беру бағдарламаларын қамтиды. Бұл процесс жоғары білікті мамандарды даярлау сапасын арттыруға, оқу бағдарламаларын заманауи талаптарға сәйкестендіруге және ішкі сапа жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Тексеруден өтіп жатқан білім беру бағдарламалары:
1.6В05202 – Экология
2.7М05202 – Экология
3.6В11201 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
4.6В03101 – Психология
5.6B01402 – Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика
6.7М01402 – Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика
7.6B07201 – Өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша)
8.6В06102 – Ақпараттық жүйелер
9.8D05301 – Физика
10.7М01504 – Химия
11.7М05302 – Химия
12.6В05101 – Биология
13.7М01505 – Биология
14.7М05101 – Биология
15.6В03201 – Журналистика
16.6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
17.6В02301 – Аударма ісі
18.7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
19.6В01702 – Орыс тілі мен әдебиеті
20.7М05203 – Экология
Бағдарламалық аккредиттеу оқу бағдарламаларының мазмұны мен сапасының академиялық стандарттарға және еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін растауға бағытталған. Бұл рәсім университет түлектерінің кәсіби даярлығын мойындатуға және жоғары оқу орнының ұлттық білім беру кеңістігіндегі беделін арттыруға ықпал етеді.