28 мая 2025


9 маусымынан бастап университеттің профессорлық-оқытушылар құрамына арналған «ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ МЕН СТРАТЕГИЯЛАРЫ» білім беру бағдарламасы бойынша курс басталады.

2025 жылдың 9 маусымынан бастап университеттің профессорлық-оқытушылар құрамына арналған «ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ МЕН СТРАТЕГИЯЛАРЫ» білім беру бағдарламасы бойынша курс басталады.

Курсты педагогика ғылымдарының кандидаты, «Қазақ жоғары білім берудегі зерттеулер институты» ЖШС профессоры Айдос Ағдарбекұлы Мұхатаев әзірлеп, жүргізеді.

Курстың мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау саласында пәндерді тиімді оқытуға қажетті тыңдаушылардың әдістемелік құзыреттіліктерін дамыту болып табылады.

Қарқынды курс аралас оқыту (Blended Learning) форматында өткізіледі: offline сабақтар RDMR Research, Discussion, Modeling & Presentation әдістемесі бойынша өткізіледі.

Курс барысында оқытушылар 24 бейнеден тұратын авторлық бейнедәрістер цикліне қол жеткізе алады және 10 тақырып бойынша презентациялармен (соның ішінде медиа) жабдықталады.

Курс аяқталғаннан кейін Біліктілікті арттыру сертификаты және «Жоғары білім беру әдіскері» микроквалификациясын алғаны туралы куәлік беріледі.

Курстың өту уақыты: сағат 10.00 – 17.00 аралығында

(үзіліс сағат 13.00 – 14.00 аралығында).

 

КДжБА РО