29 мая 2025


БӘТИМА ТАНТЫБАЕВАҒА «ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР» ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаның қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 19 мамырдағы №743 бұйрығына сәйкес, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты Бәтима Сматайқызы Тантыбаеваға химия ғылымдары ғылыми бағыты бойынша «қауымдастырылған профессор» (доцент) ғылыми атағы берілді.

Бәтима Тантыбаева – химия саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар білікті ғалым, өзінің ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметінде үздік нәтижелерге қол жеткізіп жүрген жоғары деңгейлі маман. Ол студенттерге сапалы білім берумен қатар, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларға белсенді түрде қатысып келеді.

Аталған ғылыми атақ – оның кәсіби шеберлігінің, ғылымға және білім беру ісіне сіңірген еңбегінің нақты нәтижесі. Бұл – тек жеке жетістік қана емес, сондай-ақ университеттің оқытушыларға жасайтын қолдау мен кәсіби өсуге арналған жүйелі жұмысының айғағы.