29 мая 2025


ГҮЛНАЗ САДЫКАНОВАҒА «ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР» ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаның қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 26 мамырдағы №849 бұйрығына сәйкес, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақтан университетінің оқытушысы Садыканова Гүлназ Есімбекқызына биология ғылымдары ғылыми бағыты бойынша «қауымдастырылған профессор» (доцент) ғылыми атағы берілді.

Гүлназ Садыканова – өз саласында танылған маман, педагогикалық және ғылыми қызметті ұштастырып жүрген білікті оқытушы. Оның «Coursera» халықаралық білім беру платформасында ұсынған «Эукариоттық жасушаның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуы немесе жасушаға саяхат» атты онлайн-курсы білім алушылар арасында жоғары сұранысқа ие болды. Бұл курс молекулалық және жасушалық биологияның заманауи әдістерін қарапайым әрі қолжетімді тілмен түсіндіруімен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, 2024 жылы Гүлназ Садыканова «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанып, өзінің кәсіби шеберлігі мен ғылыми-педагогикалық әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл жетістіктер – университеттің оқытушылардың кәсіби дамуына арналған жүйелі қолдауы мен ашық мүмкіндіктерінің нақты нәтижесі.