29 мая 2025


ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР FOUNDATION БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ОРЫС ТІЛІН МЕҢГЕРДІ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Орыс тілі шет тілі ретінде» курсын өткен шетелдік тыңдаушылар оқу жылын сәтті аяқтады. Foundation бағдарламасы аясында ұйымдастырылған курсқа Қытай Халық Республикасынан келген студенттер қатысты.

2024 жылдың қазан айынан 2025 жылдың мамыр айына дейін Харбин технологиялық институтының студенті Чэнь Юнжуй және Цзилинь құрылыс университетінің студенттері Ши Боуэн мен Саиджамол Гафуров ШҚУ қабырғасында орыс тілін меңгеріп, тілдік білімдерін жетілдірді.

Бір оқу жылы ішінде Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушылары — Р.М. Жакупова, А.Ж. Токтубаева, Н.М. Ахметбекова және А.А. Саганаева — тыңдаушыларға терең академиялық және тілдік дайындық жүргізді. Бағдарлама аясында студенттер оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуға баса назар аударды. Сонымен қатар, олар түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында дұрыс және тиімді сөйлеу үлгілерін қалыптастыруға, лексикалық және грамматикалық нормаларды меңгеруге машықтанды.

Шетелдік студенттер ШҚУ-да алған білімдерінің өз елдерінде кәсіби және академиялық әлеуеттерін арттыруға сеп болатынын атап өтті. Олар университет қабырғасындағы достық ахуал мен жоғары сапалы оқытуды ерекше ризашылықпен еске алады.

Курс соңында тыңдаушылар қорытынды емтихан тапсырып, орыс тілі деңгейін растайтын сертификаттарға ие болады.