29 мая 2025


ШҚУ ПРОФЕССОРЫ ҚР ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ ТОП-50 РЕЙТИНГІНЕ ЕНДІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессоры Рахадилов Бауыржан Қорабайұлы 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасы профессор-оқытушылар құрамының ТОП-50 рейтингіне енді. Бұл рейтингті Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі (IAAR) әзірлеген.

Бауыржан Қорабайұлы 4575 ұпай жинап, құрметті 40-орынды иеленді. Бұл жетістік оның кәсіби шеберлігі мен ғылыми жетістіктерінің ғана емес, сонымен қатар С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың кадрларды даярлау жүйесінің тиімділігінің айқын дәлелі.