29 мая 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY МЕН UNIVERSITY SAINS MALAYSIA АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Малайзия Ғылымдар университеті (Universiti Sains Malaysia) академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Amanzholov University мен Universiti Sains Malaysia арасындағы меморандум аясында студенттер мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы, бірлескен ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар өткізу, ғылыми жарияланымдармен алмасу бағыттары бойынша ынтымақтастық көзделген.

Айта кету керек, Universiti Sains Malaysia — Малайзия мен Азиядағы жетекші зерттеу университеттерінің бірі. Бұл мәртебе оның халықаралық рейтингтердегі жоғары көрсеткіштерімен дәлелденеді:
– QS World University Rankings 2025 рейтингінде 146-орын,
– Times Higher Education 2025 рейтингінде алғашқы 500 университет қатарында,
– US News Best Global Universities 2024 рейтингі бойынша әлемде 401-орында және Азия университеттері арасында 96-орында.

Бұл әріптестік — С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың ғылыми әлеуетін арттыруға және университет студенттері мен ғалымдары үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған маңызды қадам.