30 мая 2025


КӨШБАСШЫЛАР ТҰҒЫРЫ: AMANZHOLOV UNIVERSITY – ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті кезекті мәрте өз сапасын дәлелдеп, білім беру саласындағы беделін нықтай түсті. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) жүргізген жоғары оқу орындарының Бас рейтингісінде Amanzholov University Қазақстандағы үздік 10 университеттің қатарына еніп, 7-орынға тұрақтады.

Бұл жетістік – университеттің сапа, инновация және көшбасшылық қағидаттарына берік екенін айқындайтын нақты көрсеткіш. Жоғары оқу орнының даму бағыты білім сапасын арттыру мен заманауи талаптарға сай болуға негізделген.

Университет мақтаныштарының бірі – бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлеріндегі 31 білім беру бағдарламасының ел бойынша ең үздік үштікке енуі. Бұл – білім беру мазмұнының тереңдігі мен оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігінің нәтижесі.

БАКАЛАВРИАТ:

2 орын:

Физика (ағылшын тілінде)

Физика-Информатика

Ерте қолдаудың педагогикасы

Эргопедагогика

Арнайы педагогика

3 орын:

Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика

География-Тарих

География (ағылшын тілінде)

Саясаттану және халықаралық қатынастар

Ядролық физика және атом энергетикасы

Қолданбалы физика, наноматериалдар және инновация

МАГИСТРАТУРА:

1 орын:

Арнайы педагогика

Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

2 орын:

Информатика

STEM-білім беру

География

Қазақ тілі мен әдебиеті

Тарих

3 орын:

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика

Философия-дінтану

География

Экология

ДОКТОРАНТУРА:

1 орын:

Химия

Қазақ тілі мен әдебиеті

2 орын:

Физика

Философия

География

3 орын:

Тарих

Физика

Математика

Amanzholov University – бүгінде тек педагогикалық және гуманитарлық бағыттағы емес, техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласында да жоғары білікті мамандарды даярлауда алдыңғы қатардан көрініп жүрген оқу орны. Университеттің әрбір жетістігі – профессорлық-оқытушылар құрамының жоғары кәсібилігі, студенттердің табандылығы және стратегиялық даму бағытының нәтижесі.