2 июня 2025


H-INDEX ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГ КӨШБАСШЫЛАРЫ: AMANZHOLOV UNIVERSITY ҮЗДІКТЕР САПЫНДА

2025 жылдың екінші тоқсанында Scopus, Google Scholar және басқа да беделді ғылыми-метрикалық платформалар деректеріне негізделген Қазақстан Республикасы ғылыми ұйымдарының H-index Ұлттық рейтингі жаңартылды. Бұл рейтинг университеттер мен зерттеушілердің ғылыми өнімділік деңгейін көрсетіп, ғылыми бәсекелестік ортаны қалыптастыруға және гранттарды тиімді бөлуге ықпал етеді.

Жарияланған соңғы мәліметтерге сәйкес, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті еліміздегі 96 жоғары оқу орны арасында 35-орынды иеленіп, көшбасшылар санатына енді. Университеттің жалпы Хирш индексі (H-index) — 17, Scopus базасы бойынша — 17, Web of Science бойынша — 10, Google Scholar бойынша — 46 құрады.

Бұл көрсеткіш университеттің ғылыми әлеуетінің жоғары екенін, зерттеу қызметін белсенді дамытып жатқанын және ұлттық академиялық жүйедегі позициясын тұрақты түрде жақсартып келе жатқанын білдіреді.

Қол жеткізілген нәтиже университеттің тиімді ғылыми стратегиясының және қазақстандық ғылымды дамытуға қосқан үлесінің маңызды көрсеткіші.