3 июня 2025
2025 ЖЫЛЫ ШҚУ-ДЫ БІТІРЕТІН ЕҢ КӨП ТҮЛЕКТЕР ҚАЙ МАМАНДЫҚТАРДА?
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті соңғы жеті жыл ішінде халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес тұрақты түрде дамып келеді. Жыл сайын оқу бағдарламалары жаңартылып, заман талабына сай өзгерістер енгізілуде.
2025 жылы 2704 білім алушы Amanzholov University-ді бітіріп, аймақпен қатар, еліміздің әр өңірінде еңбек етуді жалғастырады.
Биыл ең көп түлекті шығарған мамандықтар тізімі төмендегідей:
- Құқықтану
- Дене шынықтыру және спорт
- Шет тілі: екі шет тілі
Бұл мамандықтар студенттердің жоғары сұранысына ие болып, заманға сай білім беру сапасының айқын көрінісі болып отыр.