4 июня 2025


РӘМІЗДЕР РУХЫ – БИІК ШЫҢДАРҒА БАСТАР ЖОЛ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Рәміздер рухы – биік шыңдарға бастар жол!» атты жеңіл атлетикалық кросс ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік рухты нығайту, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Университеттің оқытушылары мен студенттері таңғы 11:00-де Өскемен қаласындағы көрікті «Қазақстан» тауында бас қосып, таулы аймақта жүгіру марафонына қатысты.

Жарысқа қатысушылар белсенділік танытып, бірлік пен жігердің үлгісін көрсетті. Жеңіл атлетикалық кросс университет жастарының патриоттық сезімін оятып, Рәміздер күнінің маңызын терең ұғынуына себеп болды.

Шара соңында университет ректоры, профессор Мұхтар Төлеген жарыс жеңімпаздарын арнайы құттықтап, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Ректор өз сөзінде Мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздіктің нышаны екенін атап өтіп, жастарды елжандылыққа, белсенді азаматтық ұстанымға шақырды.

Жеңіл атлетикалық кроссқа жүзге жуық студент қатысып, алғашқы үштік марапатталды.

Ұлдар арасында жүлдегерлер:

  • 1 орынКазаков Данил (7 минут)
  • 2 орынСүлейменов Әлем
  • 3 орынЖанымханов Нұртас

Қыздар арасында жүлдегерлер:

  • 1 орынБедваева Александра (10 минут 41 секунд)
  • 2 орынЧалкина Леана
  • 3 орынДубовик Анастасия