4 июня 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Директорлар кеңесінің отырысында қоғамның 2024 жылғы даму жоспарының орындалуы бойынша есеп бекітілді, басқарма төрағасы – ректордың қоғамды дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есебі тыңдалды, директорлар кеңесінің өзін – өзі бағалауы, басқарманың, ішкі аудит қызметінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің және корпоративтік хатшының қызметін бағалау қорытындылары тыңдалды. «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ – ға қабылдау қағидалары бекітілді және басқа да мәселелер қарастырылды.