9 июня 2025


ШҚО ПРОКУРАТУРАСЫ УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫН МАРАПАТТАДЫ

ШҚО прокуратурасы заңдылық пен құқықтық тәртіпті дамытуға қосқан үлесі үшін С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлегенді марапаттады.

Марапаттау рәсімі «Заң және тәртіп: өзара іс-қимыл мен қоғамдық қауіпсіздікті күшейтудің басымдықтары» атты іс-шара аясында өтті.

– Біз заңды құрметтейтін, әділеттілік пен жауапкершілік қағидаларын ұстанатын ұрпақты тәрбиелеуді мақсат етіп отырмыз. Бұл бағыттағы жұмысымыз жалғасатын болады, – деді Мұхтар Төлеген.

Айта кетейік, іс-шара барысында ШҚУ-дың үш студенті де аймақтық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің атынан ақшалай сертификатпен марапатталды.