9 июня 2025


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ XIII ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДАДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Түркістан қаласында еліміздің 76 жоғары оқу орнынан келген 4000 студенттің қатысуымен XIII жазғы Универсиада өтуде. Спортшылар бадминтон, жеңіл атлетика, дзюдо, баскетбол, жүзу, бокс, шахмат, каратэ-до, үстел теннисі, футзал, тоғызқұмалақ және қазақ күресі секілді 17 спорт түрі бойынша бақтарын сынауда.

Ауқымды спорттық шарада С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері Нұрасыл Жәнібеков пен Алинур Бекенов «Еркін күрес» спорт түрі бойынша үздік нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, спортшылар «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда.