10 июня 2025


«ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТТЕГІ ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы мен Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен   «Әлемдік өркениеттегі Түркі мәдениеті» атты республикалық ғылыми семинар өтті.

Іс-шараға еліміздің серіктес жоғары оқу орындарының сарапшылары келді. Атап айтқанда, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің доценті Исахан Мұхан, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Философия» кафедрасының меңгерушісі Мейірхан Спанов, кафедраның аға оқытушысы Зағипа Алтынбекова, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Дина Құлбаева және кафедраның аға оқытушысы Гүлнар Еменова.

Қонақтар өздерінің авторлық баяндамаларын ұсынып, бірқатар өзекті мәселелерді көтерді: қазіргі қазақстандық қоғамдағы исламның орны, түркілерден тараған дала өркениеті, қазақ мәдениетіндегі дәстүр мен жаңашылдық, түркі әлемінің мәдени кодтары және т.б.

Алма-матер өкілдері Құралай Қайырбаева, Раушан Нурбекова және Раушангул Мұқышева мемлекеттік тілдің мәртебесі және түркі мәдениетіндегі дәстүр мәселесі туралы айтып берді.

— Бүгінгі кездесу –  сараптамалық пікір алмасу алаңы, алда терең талдау мен тыңғылықты жұмыс күтіп тұр, — деді «Алтайтану» ҒЗО директоры Майра Тарлаубай.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.