10 июня 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY МЕН РЕСЕЙ УНИВЕРСИТЕТІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінің өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту, «Экономика» бағдарламасы бойынша мамандар даярлау және ШҚУ мен НМЭБУ дипломдарын қатар алу мүмкіндігі, сондай-ақ академиялық ұтқырлық мәселелері.

Сондай-ақ, қатысушылар ғылыми‑зерттеу саласындағы серіктестікті кеңейту және тәжірибеге бағытталған бастамаларды дамыту перспективаларымен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша тәжірибе алмасуды күшейту және білім беру стандарттарын біріктірудің маңыздылығы атап өтілді.