10 июня 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY РЕКТОРЫ КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТАУЛЫ ГРАНТТАР ТАБЫСТАДЫ

Бүгін Amanzholov University ректоры Мұхтар Төлеген Абай Құнанбаев атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде өткен кәсіби бағдар беру шарасы аясында үш түлекке үш жылдық тегін оқуға арналған атаулы гранттарды табыс етті.

— Университет жыл сайын дарынды және ынталы жастарды қолдайды. Біз студенттерге сапалы білім беріп қана қоймай, олардың көшбасшылық, ғылыми және шығармашылық әлеуетін ашуға барынша жағдай жасауға ұмтыламыз, — деп атап өтті ректор.

Университеттің атаулы гранттарына академиялық үлгерімі жоғары, білім беру саласында кәсіби дамуға ниет білдірген түлектер — Ботакөз Әліпхан, Дана Ғабдулланова және Зере Манулен ие болды.

Сонымен қатар университет ректоры, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ләйла Байжуманова және профессор-оқытушылар құрамы тарапынан кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Олар білім беру бағдарламалары, даярлау бағыттары, ғылыми, академиялық және шығармашылық мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат ұсынды.