11 июня 2025


БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің биология кафедрасында академиялық комитеттің 2024–2025 оқу жылына арналған қорытынды отырысы өтті.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. 2024–2025 оқу жылындағы академиялық комитеттің жұмысының қорытындылары және 2025–2026 оқу жылына арналғаннегізгі құжаттар мен жұмыс жоспарын бекіту.
Өткен оқу жылындағы жұмыс нәтижелері талданып, жетістіктер мен кемшіліктер сарапталды. Келесі оқу жылына арналған нақты жұмыс бағыттары мен іс-шаралар жоспары мақұлданды.

2. 2025–2026 оқу жылына арналған пән силлабустарын талқылау және бекіту.
Жаңартылған білім беру бағдарламаларына сәйкес пән силлабустары қаралып, әдістемелік талаптарға сай болуына мән берілді. Барлық силлабустар бекітілді.

3. Жаңа оқу жылына арналған пәндердің әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуі.
Әр пән бойынша оқу-әдістемелік материалдардың (нұсқаулықтар, презентациялар, тапсырмалар) толықтығы тексеріліп, жаңарту қажеттілігі қаралды.

4. Кафедраның оқу-әдістемелік кешендерінің (ОӘК) жаңа оқу жылына дайындығы және оны 2025–2026 оқу жылына бекіту.
ОӘК мазмұны сарапталып, нормативтік талаптарға сәйкестігі тексерілді. Қажетті түзетулер енгізіліп, бекітуге ұсынылды.

5. Жаңа оқу жылына енгізу актісін бекіту.
Жаңа оқу жылында енгізілетін пәндер мен өзгерістер акт түрінде рәсімделіп, кафедра мен факультет деңгейінде бекітілді.

Отырыстың қорытындысы бойынша барлық шешімдер хаттамалық түрде рәсімделіп, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған нақты қадамдар айқындалды.