11 июня 2025


ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ғылыми кеңестің кезекті отырысында алты мәселе қаралды. Атап айтқанда, университеттің профессор-оқытушылар құрамы тарапынан 2024–2025 оқу жылының екінші жартыжылдығындағы оқу жүктемесінің орындалуы, жазғы кезеңде оқытушылар мен қызметкерлердің демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кәсіби бағдар беру және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.

Сонымен қатар, академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Ержан Домалатов педагогикалық бағыттар бойынша кадрлар даярлау мамандықтарының бітіруші курс студенттерінің оқу-зертханалық тәжірибеден өтуі туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тапсырмаларының орындалуы жөнінде ақпарат берді.

Отырыс соңында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің  ішкі нормативтік-құқықтық құжаттарын бекіту мәселелері қаралып, талқылау жүргізілді. Сондай-ақ, университет қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.