12 июня 2025
СЕРПІН, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: МАНСАП ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ФОРУМЫ АЯҚТАЛДЫ
Бүгін С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде республикалық мансап орталықтарының форумы өз мәресіне жетті. Бұл еліміздің әр өңірінен келген мамандардың ауқымды кездесуі, алғаш рет Өскемен қаласында ұйымдастырылды. Форумның қорытынды күнінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Қаржы орталығы» АҚ, 28 университеттің мансап орталықтары, «Атамекен» ҰКП, «Серпінді қолдау» офисінің өкілдері «Серпін» жобасының өзекті мәселелерін және түлектерді жұмыспен қамту жайын талқылады.
— «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы – еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі еңбек ресурстарының артық болу мәселесін шешудің тамаша құралы, – деп атап өтті «Қаржы орталығы» АҚ мониторинг департаментінің директоры Берік Сыздықов.
Алайда, жобаны тиімді жүзеге асыруға кедергі келтіретін бірқатар қиындықтар да бар. Негізгі мәселелердің бірі –оқуды аяқтағаннан кейін табысты жұмысқа орналасу үшін жаңа қалада кемінде бір жыл тұрақты тіркелу қажеттілігі. Тұрғын үй мәселесі «Серпін» бағдарламасының кейбір қатысушыларына кадрлар тапшылығы байқалатын Қазақстанның шығысында, солтүстігінде және батысында қалуға мүмкіндік бермейді. Бұл мемлекеттік бастаманың басты мақсаты күмән тудыратынын білдіреді.
Облыстық мәслихат депутаты Светлана Кривицкаяның айтуынша, бұл мәселе жергілікті атқарушы органдар деңгейінде талқыланады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы «Серпін» бағдарламасына 10 жыл толды. Облыстық жобалық кеңсе жұмыс істейтін С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде бүгінге дейін 1692 серпіндік білім алды.
Бұл – өңірдегі жоғары оқу орындары арасында жетекші көрсеткіш.
— Биылғы оқу жылында «Серпін» бағдарламасы бойынша 127 студент оқуын аяқтайды. Түлектермен бір жыл ішінде мемлекеттік білім беру грантын пысықтау қағидаларын түсіндіру бойынша кездесулер, консультациялар, сондай-ақ облысымызда жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша іс-шаралар өткізіліп келеді. Айта кетейін, ШҚУ серпін түлектерінің жұмысқа орналасуының жалпы көрсеткіші — 97%. Бұл – республика бойынша ең жоғары нәтижелердің бірі, – деді қабылдау комиссиясының жетекшісі Ләйла Байжуманова.
Шара барысында қатысушылар жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимыл тәжірибесін де талқылады.
— Университет пен жұмыс беруші арасындағы ынтымақтастық – бұл тек тренд қана емес, қоғам тұрақты еңбек нарығы мен адами капиталды дамытуға ұмтылатын жағдайдағы қажеттілік. Білікті мамандар тек білім беру мен бизнес арасындағы тығыз диалог арқылы қалыптасады, – деп атап өтті стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Ровнякова.
Оның айтуынша, әлемдік тәжірибені зерттеу маңызды. Мысалы, Еуропа елдері еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдік мәселесіне тап болды. Бизнес талап еткен құзыреттер университеттерде кеш қалыптасты. Бұл өз кезегінде негізгі институттар арасындағы байланыстың жеткіліксіздігін көрсетті.
— Мұндай жағдайларда университет, бизнес және мемлекет үштігінің өзара әрекеттестігіне негізделген «Үштік спираль» тұжырымдамасы маңызды. Бұл модель – инновацияларға, экономикалық өсуге және сұранысқа ие мамандар даярлауға ықпал етеді. Біздің елімізде бұл тұжырымдаманың сәтті мысалдары бар: дуалды оқыту, индустриялық кафедралар, сондай-ақ жас мамандарды қолдауға бағытталған тамаша мемлекеттік бағдарламалар, – деп қорытындылады Ирина Ровнякова.
Мансап орталықтарының республикалық форумы соңында қатысушыларға растайтын сертификаттар табысталды.