13 июня 2025


ШҚО ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР: «ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ІСКЕ АСЫРАТЫН ПЕДАГОГТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ»

Amanzholov University-де «Өрлеу» БАҰО» АҚ ШҚО бойынша филиалымен жасалған Меморандум аясында және Тұрақты даму мақсаттарының төртінші бағыты – «Баршаға инклюзивті, әділ және сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы оқуға мүмкіндік беру» жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы педагогтеріне арналған «Инклюзивті білім беруді іске асыратын педагогтердің негізгі құзыреттерін қалыптастыру» атты практикалық семинар өтті.

60 тыңдаушы қатысқан семинар «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы базасында ұйымдастырылды. Семинар спикерлері ретінде орталық жетекшісі Алима Алипова мен Жоғары колледждің оқытушысы Ләйлә Асылханова сөз сөйледі.

Іс-шара барысында педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселелері талқыланып, инклюзивті білім беру жағдайында балалармен жұмыс істеу тәсілдері ұсынылды. Сонымен қатар, университет оқытушылары әзірлеген авторлық технологиялық және әдістемелік шешімдер таныстырылды. Бұл әзірлемелер Досым Ерболатұлы мен Рауан Байчинов жетекшілік ететін «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық даярлау және техникалық-әдістемелік қолдау құзыреттілік орталығы» жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырылып, туындаған сұрақтарға жауаптар мен әдістемелік ұсыныстар берілді.