13 июня 2025


ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН АРАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің өкілдері онлайн-кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі тақырыбы – инжиниринг бағыты бойынша халықаралық орталық құру және оны бірлесе пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру болды.

Тараптар ғылыми жобаларды, әсіресе тағам және мембраналық технологиялар саласындағы зерттеулерді бірлесе жүзеге асыруға, функционалдық өнімдер әзірлеуге, сондай-ақ білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік танытты. Атап айтқанда, студенттер мен оқытушылар алмасу, тағылымдамалар ұйымдастыру және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, инновациялық жобаларды әзірлеу, бірлескен зерттеулер нәтижелерін патенттеу және ғылыми жобаларға қаржыландыру тарту перспективалары қозғалды.

Жаңа орталық Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ғылыми және білім беру байланыстарын нығайтатын маңызды бастама ретінде бағаланып отыр.