13 июня 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY МЕН №24 МЕКТЕП АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Өскемен қаласы білім бөлімінің қарамағындағы №24 орта мектеп арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның негізгі мақсаты – білім беру, ғылым және оқушыларды кәсіби бағдарлау бағытында серіктестікті дамыту, сондай-ақ білім алушылардың кәсіби дайындығының сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру.

Қол қою рәсіміне №24 мектептің директоры Ляззат Маутқанқызы және университеттің стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова қатысты.

Тараптар ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа сенім білдіріп, бұл әріптестіктің заманауи талаптарға сай білім беру ортасын қалыптастыруға өз үлесін қосатынын атап өтті.