13 июня 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY СЕНИОР-ЛЕКТОРЫ ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЫ АТАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің талантты жас ғалымы, жоғары мектептің сеньор-лекторы Нуризинова Макпал Манарбекқызы 8D01502 – Физика білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін сәтті қорғап, ресми түрде иеленді!

Макпал Манарбекқызы – өз ісіне адал, кәсіби шеберлігі жоғары, үздік педагог әрі ізденімпаз зерттеуші. Ол университет қабырғасында 15 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде 100-ден астам ғылыми еңбек жариялап, олардың ішінде 7 мақаласы Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларына енген.

Докторантурада оқи жүріп, ол «Пәндердің кәсіби циклінде трибология саласындағы болашақ физика мұғалімін дайындау» тақырыбында терең ғылыми зерттеу жүргізіп, Түркияның Сакарья университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырды.

Университет ұжымы атынан Макпал Манарбекқызын шын жүректен құттықтай отырып, ғылым мен білім жолындағы еңбегіне сәттілік, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!