16 июня 2025


АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 2024–2025 оқу жылына арналған оқу-әдістемелік қызметтің қорытындылары талқыланды. Академиялық кеңестің жұмыс жоспары, сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссиялардың жоспарлары, Жоғары мектептердің әдістемелік онкүндіктерінің өткізілу кестелері, келесі оқу жылына арналған кәсіби практика бағдарламалары, көктемгі емтихан сессиясының нәтижелері (Bell Curve әдісімен) және академиялық қарыздарды жою мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспаға ұсыну туралы ұсыныс берілді.

Оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бөлімі