16 июня 2025


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БӨЛІМШЕНІҢ АШЫЛУЫ

Бүгін Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының гинекология бөлімшесі күрделі жөндеуден кейін өз есігін қайта ашты. Бұл – өңір тұрғындары үшін аса маңызды, көптен күткен оқиға. Аталған мәселе ұзақ уақыт бойы тұрғындар тарапынан көтеріліп, Партиялық бақылау комиссиясының тұрақты бақылауында болды.

Гинекология бөлімінің жаңғыртылуы — «AMANAT» партиясының халық алдындағы уәделерін орындауға бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесі. Осы мәселе бойынша бірнеше мәрте депутаттық сауалдар жолданып, жауапты органдармен бірлескен жұмыстар жүргізілді.

Жөндеу жұмыстарының сәтті аяқталуына «Қазмырыш» компаниясы мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауы ерекше үлес қосты. Осындай тиімді әріптестіктің нәтижесінде медицина саласындағы өзекті мәселелердің бірі шешімін тапты.

Партиялық бақылау комиссиясы өз жұмысын алдағы уақытта да жалғастыра береді. Басты мақсат – азаматтардың көтерген мәселелерін жауапсыз қалдырмай, нақты нәтиже шығару.