17 июня 2025


ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН КУРСТЫҢ БЕСІНШІ ЛЕГІ АЯҚТАЛДЫ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу бойынша педагог-ассистенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» педагогтардың біліктілігін арттыру курсының бесінші легі аяқталды.

2024–2025 оқу жылында бұл курс бойынша Қазақстанның 169 педагогы біліктілігін арттырды. Курс бағдарламасы ҚР Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және Зияткерлік меншік ұлттық институтының зияткерлік меншік нысандары тізіліміне енгізілген.

Бағдарлама авторлары – Рауан Байчинов пен Алимa Алипова. Курс тек Шығыс Қазақстан облысының ғана емес, Абай, Ақмола, Алматы, Түркістан және Маңғыстау облыстарының мамандары үшін де қолжетімді болды.

Айта кетейік, педагог-ассистенттің қызметтері жалпы білім беретін мектептің жалпы сыныбында оқитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көрсетіледі.