17 июня 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY РЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСЫЛЫМДА ЖАРЫҚ КӨРДІ

Web of Science және Scopus халықаралық ғылыми деректер базаларында индекстелетін журналда С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор Мұхтар Төлегеннің «Public Perceptions of the Role of Parliaments in Modern Democracies: Accountability and Trust in Parliament in Kazakhstan» тақырыбындағы ғылыми мақаласы жарияланды.

Бұл жетістік университеттің халықаралық академиялық кеңістіктегі беделін арттыруға қосылған елеулі үлесі. Қазіргі демократия жағдайында парламенттердің рөлі мен қоғам сеніміне арналған зерттеу жұмысының өзектілігі оның ғылыми ғана емес, сонымен қатар практикалық маңызын да айқындайды.