18 июня 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY THE TIMES HIGHER EDUCATION IMPACT ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГІНЕ ЕНДІ

The Times Higher Education Impact Rankings 2025 тұрақты даму саласындағы әлем университеттерінің жыл сайынғы жаһандық рейтингінің нәтижелерін жариялады.
AMANZHOLOV UNIVERSITY бұл рейтингке алғаш рет еніп, THE Impact Rankings негізгі көрсеткіштері бойынша 1501+ позициясын иеленді.

Университет БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының тоғыз бағыты бойынша бағаланды. Ең жоғары нәтижелер келесі мақсаттар бойынша тіркелді:
1. САПАЛЫ БІЛІМ — 801 орын
2. ӨНЕРКӘСІП, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ — 401 орын
3. ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК — 601 орын

Бұл көрсеткіштер Amanzholov University-дің алдыңғы қатарлы, инклюзивті және тұрақты дамуға бағытталған білім ордасы ретіндегі беделін растайды. Университет тұрақты даму саласындағы бастамаларын жалғастырып, жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.