23 июня 2025


«БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 17 — 24 маусым аралығында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан  педагогикалық университетінің басшылық құрамына  арналған «БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ» онлайн біліктілікті арттыру курсы өтуде.

Курстың мақсаты — білім беру ұйымдарының басшылық құрамының  басқару теориясы мен практикасы саласындағы білім мен құзыреттерді қалыптастыру және кеңейту.

Курсты педагогика және менеджмент кафедрасының  қауымдастырылған профессоры Касентаева Карлыгаш Уразбековна жүргізуде.

Курсқа 15 басшылық құрам қатысуда.