25 июня 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY ТҮЛЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ҚОЛЫНАН «ШАРАПАТ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтап, олардың қоғамдағы рөлін жоғары бағалады.

Ақордада өткен салтанатты жиында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосты. Солардың қатарында Шығыс Қазақстан облыстық «Менің өлкем» газетінің және Buqara.kz сайтының бас редакторы Талғатжан Мұхамадиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан марапатқа ие болды.

Талғатжан Мұхаметбекұлы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО-да шығатын «Алдаспан» газетінде тілші болып бастаған. Кейін «Менің өлкем» облыстық газетінде журналист, республикалық «Жас қазақ» және «Заң» басылымдарының Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта Buqara.kz сайты мен «Менің өлкем» газетінің бас редакторы қызметін атқарады.

Жалпы, оның аналитикалық мақалалары, сұхбаттары мен соңғы жылдары жарық көрген сапар очерктері оқырмандар тарапынан жоғары бағаланып келеді. Әріптесімізге шығармашылық шабыт, толағай табыс пен кәсіби биіктерді тілейміз.