25 июня 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ЖОО ІШІНДЕ ЕКІНШІ ОРЫНДА

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Қазақстанның ең үздік көпсалалы жоғары оқу орындары Ұлттық рейтингі 2025 нәтижесі бойынша 2-орынға ие болды.

Бұл рейтингті Білім сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігі (IQAA) жүргізеді. Бағалау барысында университеттің академиялық беделі, білім беру бағдарламаларының сапасы, ғылыми-зерттеу әлеуеті және ел дамуына қосып жатқан үлесі ескерілді.

Бұл жетістік – университет ұжымы мен профессор-оқытушылар құрамының, студенттердің және серіктестердің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Amanzholov University – білім мен ғылым арқылы өңір мен елдің өркендеуіне үлес қосып келе жатқан жетекші оқу орындарының бірі.