2 июля 2025


МАГИСТРАТУРАНЫҢ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті және Генуя университеті (University of Genoa, Италия) 7M04111 Туристік дестинациялар және тұрақты даму менеджменті атты магистратураның жаңа білім беру бағдарламасының ашылғаны туралы хабарлайды.

Бұл бағдарлама заманауи технологиялар, ғылыми зерттеулер және халықаралық стандарттар негізінде туристік дестинацияларды тиімді басқаруға қабілетті, туризмнің тұрақты дамуы саласында жүйелі білімі мен тәжірибелік дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Бағдарлама Италияның жетекші университеттерінің бірі Генуя университетімен бірлесіп әзірленген және туризм мен қонақжайлылық саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келеді. Магистранттар қоршаған ортаға теріс әсерді азайта отырып, туристік ресурстарды басқарудың алдыңғы қатарлы әдістерін үйренеді.

Генуя университетімен ынтымақтастық тәжірибе алмасу, бірлескен зерттеулерге қатысу және Италияда тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін ашады.