Университет құрылымы

Бөлімдер тізімі

Академиялық саясат және білім беру бағдарламалары басқармасы департаменті

Академиялық саясат және білім беру бағдарламалары басқармасы департаменті

Домалатов Ержан Богданович

Директор

Академиялық саясат және білім беру бағдарламалар басқармасы департаменті-университеттің құрылымдық бөлімі өзіне келесі бөлімдерді біріктіреді:
– Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау бөлімі;
– Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімі;
– Студенттерге қызмет көрсету орталығы:
  • Офис тіркеу;
  • Студенттік іс-қағаздарын жүргізу бөлімі;
– Қашықтықтан оқыту технологиялар бөлімі;
– Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі
 
Департамент жұмысының мақсаты:
Оқу іс-әрекетін іске асыру бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығы мемлекеттік лицензиясына сәйкес басқару және ұйымдастыру
 
Негізгі міндеттері:
  1. Университеттің оқу үрдісін басқару және ұйымдастыру.
  2. Білім беру қызметін көрсету сапасын жақсарту мақсатында оқу үрдісін үздіксіз жетілдіру, өңірлік еңбек нарығының қажеттілігіне сай бәсекеге қабілетті кадрларды дайындауды қамтамасыз ету.
  3. Дайындаудың барлық оқу түрлері бойынша университеттің білім беру бағдарламаларын дамыту
  4. Білімді бақылаудың бүкіл жинактаушы жүйесі оқу үрдісінің толық ашықтығын қамтамасыз ету.

Құрылымдық бөлімдердің негізгі қызметтік бағыттары

  1. С. Аманжолов атындағы ШҚУ бакалавриат, магистратура, доктурантура білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін ұйымдастырушылық талдамалық және ақпараттық қамтамасыз ету.
  2. Оқу үрдісін ұйымдастыру құжаттарын рәсімдеу бойынша ұйымдастыру әдістемелік жұмыстар. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі ҚРМЖБС талаптарына сәйкес оқу үрдісін ұйымдастыру.
  3. Мемлекеттік білім беру стандарт талартарына сәйкес жоғарғы кәсіптік оқытуды, бақылауды жүзеге асыру.
  4. Жоғары, жоғары оқудан кейін мамандықтар бойынша оқу үрдісінің өңдеу кестесін дайындау және оның орындалуын бақылау.
  5. Мемлекеттік аттестациялау комиссия жұмысының кестесін, емтихан сессияларын, оқу сабақ кестесін құру және жоспарлау; оқу сабақтарының кестесінің іске асырылуын бақылау.
  6. Студенттер контингентінің қозғалыс графигін жүргізу (ауыстыру, шығару, қайта алу, академиялық демалыс беру т.б)
  7. Мемлекеттік аттестатциялық және емтихан комиссиясының жұмысын бақылау. АК пен МЕК қорытынды жұмыстарына ұсыныстар дайындау және қорытындысын талдау.
  8. ҚР-ның заңнамасына сәйкес оқу орнын бітіргені жайлы диплом рәсімдеу және әзірлеу академиялық анықтама және дипломның тел нұсқасын беру.
  9. Профессорлық-ұстаздық құрамның және т.б оқу жүктемесін орындалуын қадағалау.
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия, 34 (№ 1 оқу ғимараты ), 224 каб.
Оқу-әдістемелік жұмысын ұымдастыру жөніндегі бөлімі
Оқу-әдістемелік жұмысын ұымдастыру жөніндегі бөлімі

Хамитова Зенура Кайсабековна

Бөлім жетекшісі

Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің мақсаты –кәсіптік білім беру саласында білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензияға сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және басқару.

Міндеттері:

– университеттің оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру;

– жоғары мектеп, кафедра және басқа құрылымдық бөлімшелердің оқу үрдісімен жұмысын үйлесімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

– кафедраның ОПҚ-ның құрамының оқу жүктемесін есептеу, тексеру, орындалуын қадағалау;
– білім алушылардың оқу үрдісіндегі, аралық және қорытынды бақылау бойынша нәтижелерін сараптау;
– оқу үрдісін дамытуға арналған нұсқаулықтарды өңдеу және жазу;

– университетте оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;
– барлық дайындық түрлері бойынша университеттің білім беру бағдарламаларын тұрақты дамыту.

Негізгі жұмыс бағыттары:

  • уақыт қорын пайдалануды есептеу деректер базасын құру (кафедраға жүктелген мамандықтар мен пәндер бойынша, БОЖ бойынша, білім алушылар контингенті бойынша) және оқу жылына ОПҚ-ның оқу жүктемесін есептеу;
  • Жоғарғы кәсіптік мамандықтанға арналған элективті пәндер каталогын жасау және бекітуді ұйымдастыру және қадағалау;
  • жоғарғы кәсіптік білім арналған БОЖ ұйымдастыру, тексеру, қабылдау;
  • профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесінің орындалуын тексеру;
  • ҚР Президенті шәкірт-ақысына қатысушылардың құжаттарын Білім министірлігіне жіберу;
  • кафедраларға бекітілген оқу пәндерін ұйымдастыру, басқару;
  • диплом жобаларына жетекшілік жасау жұмыстарын қадағалау;
  • университеттің АК-на және МЕК-на құрамы туралы ұсыныстарын ҚР білім министірлігіне дайындау; АК және «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша комиссия мүшелері туралы бұйрық жобасы;
  • аналитикалы анықтама құру (№34 форма) үшін барлық оқу түрлері бойынша үлгерімдерін саралау;
  • мамандықтарды лицензиялау үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігіне жіберілетін құжаттарды рәсімдеу; мемлекеттік сұраныс бойынша мамандар даярлау; емтихан сессиясы (№34 форма) және бітірушілердің мемлекеттік аттестатциясы бойынша статистикалық есеп жасау;
  • жаңа оқу жылына ЖОО-ның кафедраларының дайындығын ұйымдастыру және тексеру;
  • жоғарғы құрылымдардың Ғылыми Кеңес, ректорат бұйрықтарын, қызметтік хаттарын және басқа да нормативті құжаттардың орындалуын қадағалау;
  • оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша академиялық саясат және білім беру бағдарламаларды басқару департаменті директордың және оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша академиялық мәселелері жөніндегі проректордың қызметтік тапсырмаларын орындау;
  • Ғылыми кеңес, оқу құрылымдарының жетекшілерінің жиналыстарына талқыланатын оқу үрдісіне байланысты сұрақтарды дайындау;
  • университеттің номенклатурасына сәйкес құжаттардың уақытылы архивке сақтауға немесе жоюға өткізілуін қадағалап отыру;
  •  кафедралардың, жоғары мектептердің оқу-әдістемелік жұмысына басшылық жасау және үйлестіру;
     барлық дайындық түрлері бойынша университеттің білім беру бағдарламаларын тұрақты дамыту;
  • сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау;
    оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету сапасының мониторингін ұйымдастыру;
  •  білім беру ұйымдарында шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды жоспарлау, сараптауды ұйымдастыру және басып шығаруға ұсыныс жасау;
  • оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру бойынша озық тәжірибені жинақтау және тарату;
  • білім беру ұйымдарында оқытудың жаңа технологияларын, әдістерін, құралдарын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • оқу-әдістемелік жұмыс бойынша нормативтік құқықтық құжаттарды сараптау; – жаңа оқу бағдарламаларын зерделеуді ұйымдастыру және оларды оқу процесіне енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, бастауыш педагогикалық қызметкерлерге оқу сабақтарын дайындауға және өткізуге, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге көмек көрсету;
  • оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу.
«PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығы
«PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығы

Мустафина Мергуль Оралбековна

Тіркеу бөлімінің жетекшісі

Тіркеу офисы – оқу пәндеріне студенттерді тіркеуді, барлық оқу кезеңі аралығындағы студенттермен жиналған кредиттер санын есептеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, Университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Тіркеу бөлімінің негізгі тапсырмалары:

1. Оқу пәндеріне тіркеу үрдісін басқару.
2. Аралық және қорытынды аттестация нәтижелері бойынша үлгерімді есептеу және ұйымдастыру.
3. Студенттердің академиялық рейтингін есептеу.
4. Академиялық үлгерім жазбаларын жасау және сақтау.
5. Оқытушылардың рейтингтік, емтихандық және қорытынды ведомосттарын толтыруды бақылау.
6. Оқу кестесі бойынша сабақтарды тексеру
7. Әрбір мамандыққа бекітілген эдвайзерлармен тығыз байланыста жұмыс жасау;
8. Университеттің аудиториялық фондын есептеу және жаңалау;
9. Студенттердің басқа жоғары орындарынан ауысуға, оқу қайта қабылдануға, оқудан шығуға, академиялық демалыс беруге жән одан шығуға, тегін өзгертуге, іс-сапарларды рәсімдеуге және т.б. жазған өтініштерін тексеру;
10. Барлық оқу түрі бойынша жоғары білім туралы диплом қосымшасына бағаларды енгізу.
11. Студенттерді академиялық ұтқырлық бойынша сүйемелдеу және басқа ЖОО-нан академиялық ұтқырлық бойынша келген студенттерге транскрипттер беру.
12. Қашықтықтан оқыту порталын жаңарту.
13. ҚОТ қолдану арқылы ЖКБ, ТжКБ, ОБ негізінде кешкі және сырттай оқу түріне арналған қашықтықтан оқыту курстары мен курстық кейстерді анықтау және толтыру бойынша жедел жұмыстарды жүргізу.
14. Бөлім қызметкерлерінің жалпы білімберушілік және іскерлік біліктілік деңгейлерін арттыру жұмысын ұйымдастыру.

Тіркеу бөлімінің негізгі функциялары:

  1. Қосымша оқу үшін жазғы семестрді ұйымдастыру;
  2. Академиялық қарыздарын және оқу бағдарламаларындағы айырмашылықтарын жою.
  3. Студенттердің аралық аттестациясын жүргізу және ұйымдастыру, олардың қорытындылары бойынша оқушылардың академиялық рейтингін құру.
  4. Студенттердің академиялық үлгерім жазбаларын сақтау, оқудың барлық кезеніңде жиналған бағалар мен кредиттер туралы ақпаратты басқару.
  5. Академиялық қарызды және оқу жоспарындағы айырмашылықты тапсыру мерзімдерін анықтау үшін оқушылардың жеке оқу жоспарларын дайындау.
  6. Студенттерге транскриптті беру және дайындау.
  7. Оқу жылына үлгерімнің орташа балын (GPA) есептеу.
  8. Академиялық күнтізбені әзірлеу.
  9. Қашықтықтан оқыту порталын модернизация жасау
  10. Оқытудың барлық формалары бойынша сабақ кестесін және емтихан кестесін жасау
  11. Қоғамдық пәндер бойынша жазғы семестрге сабақ кестесін құру.
Студенттік іс қағаздарын жүргізу бөлімі
Студенттік іс қағаздарын жүргізу бөлімі

Калиева Гулнара Кайржановна

Бөлім басшысы

Студенттік іс жүргізу бөлімі – университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, қызметінің негізгі бағыты құжаттандыру үрдісі мен студенттік құжаттаманы басқаруды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, студенттік құрамның оқуға қабылданғаннан бастап бітіргенге дейінгі қозғалысын есепке алу мен бақылау толып табылады;

Қызметтің негізгі бағыттары:

1. Құжаттармен жұмыс істеудің нысандары мен әдістерін жетілдіру;
2. Құжаттаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, студенттік құжаттармен жұмыс істеу;
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері:
4. Мұрағатқа бітірушілер мен оқудан шығарылған жеке іс құжаттарды жинақтап тігу және тапсыру.
5. Нормативтік-әдістемелік құжаттарды дайындау бойынша жұмысты жетілдіру;
6. Озық технологияларды және техникаларды қолдану негізінде құжаттарды өңдеу;
7. Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.

Студенттік іс жүргізу бөлімі келесі функцияларды жүзеге асырады:

  1. Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректорлардың және ректордың қарарына сәйкес, студенттік бұйрықтар басып шығару;
  2. Білім алушылардың қозғалысы мен толықтыруларына байланысты бакалавриат және магистратурада білім алушылардың жеке іс құжаттарын өңдеу, қабылдау;
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері:
    • Жоғары оқу орындарына қайта қабылдау және ауыстыру;
    • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру;
    • Жоғары оқу орындарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру.
  4. Білім туралы құжатты (аттестат пен дипломды) уақытша қолдануға беру;
  5. Университеттің Автоматтандырылған ақпараттық жүйеге (ААЖ) және т.б., білім алушыларды бағдарламаға кіргізу;
  6. Бекітілген формаларға сәйкес, оқыту үдерісі кезінде студенттік құрам қозғалысының статистикалық есебін қалыптастыру, мәліметтерді жаңарту әдістерін жетілдіру;
  7. Университет АИС-мен білім алушылардың құрамын тексеру, жоғары оқу орындары белгіленген мерзімдер мен мекенжайларға берілетін, бекітілген ережелер бойынша студенттік құрамның қозғалысы мен жағдайы туралы есептер құрау;
  8. Білім алушыларды студенттік құжаттама бланктерімен қамтамасыз ету: студенттік билеттер мен сынақ кітапшалар;
  9. ҚР білім және ғылым Министрлігіне мемлекеттік үлгідегі білім туралы анықтаманы оқу орнын бітірмегендерді қозғалыс құжатына байланысты есепке алу және тіркеу;
  10. Жазғы және қысқы демалыс кезеңінде босаған білім грантына ақылы бөлімде білім алушылардың құжаттарын жинап жоғары білім алу үдерісінде босатылған білім грантына үміткерлердің құжаттарын ҚР БжҒМ шешім қабылдау үшін жіберіледі;
  11. Бітірушілер мен оқудан шығарылғандардың жеке іс құжаттарын мұрағатқа жинақтап тігу және тапсыру;
  12. Университеттің әскерге шақырылғандары мен әскери міндеттілерінің әскери есебін және брондауын жүргізу.

Байланыс ақпараты:
30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 №1 оқу ғимараты; № 204, 206 каб.;
телефон: 8(7232) 540-821

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

Абылайханова Тана Абылайхановна

Бөлім басшысы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі – жоғары білікті ғылыми, педагогикалық және басқарушы кадрларды (магистрлер мен ) даярлау үшін университет кафедраларының оқу процесін үйлестіретін университеттің құрылымдық бөлімшесі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің негізгі міндеттері мен қызметтері:

1. Студенттерді магистратураға және PhD докторантураға қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

2. Білім беру бағдарламаларының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкестігін бақылау.

3. PhD магистратура және PhD докторантураның оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау.

4. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамаларын, кәсіптік тәжірибелерін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау.

5. Кафедраларды PhD докторантураның магистратурасы мен докторантурасының білім беру бағдарламаларын ішкі және сыртқы нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету.

6. Мемлекеттік білім беру стандарты мен еңбек нарығының жаңа талаптарына сәйкес магистратура және PhD докторантура бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізу.

7. Ұйымдар мен кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша мамандарды мақсатты оқытуды қамтамасыз ету.

8. Негізгі дипломға сертификат алу үшін мамандандырылған магистратураны бітірген магистрларды қайта даярлауды ұйымдастыру.

9. PhD докторантураға түсу үшін магистранттарды түсу емтихандарын тапсыруға дайындау.

10. Оқушылардың оқу, ғылыми-зерттеу және оқытушылық іс-әрекеттегі дағдыларын жетілдіру.

11. Халықаралық еңбек нарығында магистратураның эквиваленттілігін қамтамасыз ететін көлемде кәсіби білім алуға жағдай жасау.

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 (№1 оқу ғимараты), 231-кабинет
Тел.: 8 (7232) 54-01-57
E-mail: magistratura.vkgu@mail.ru

Персонал және құқықтық қолдау басқармасы

Персонал және құқықтық қолдау басқармасы

Раисова Карлыгаш Рахимовна

Бөлім басшысы

Университеттің Персонал және құқықтық қолдау басқармасының әкімшілік басқарманың негізін құраушыларының бірі. 2020 жылдан бастап персонал және құқықтық қолдау басқармасы болып ауыстырылды.

Персонал және құқықтық қолдау басқармасының қызметтерінің негізгі бағыттары:

1. Профессорлық-оқытушы құрамы, әкімшілік басқару құрамы мен қызмет көрсетуші құрамдарының ішінен қолданыстағы штаттық кестеге сәйкес сапалы кадрларды талдау және орналастыру;
2. Штаттық кестеге сәйкес барлық категориядағы университет қызметкерлерінің ауысуына, жұмыстан шығуына, жұмысқа қабылдануына байланысты құжаттарды дайындау;
3. Электронды тасымалдаушыдағы құрастырылған дерек қорларының көмегімен, барлық категориядағы университет қызметкерлердің дербес және статистикалық есептерін белгіленген үлгіде дайындау;
4. Қолданыстағы ережелер мен әдістемелік нұсқауларға сәйкес профессорлық-оқытушы құрамы, әкімшілік басқару құрамы мен қызмет көрсетуші құрамдарының құжаттарын енгізу мен сақтау;
5. Нормативтік құжаттар бойынша жұмысшыларды құқықтарымен, жеңілдіктерімен және шарттарымен қамсыздандыру және т.б.;
6. Персонал және құқықтық қолдау басқармасының маманының лауазымдық нұсқауына сәйкес университет қызметкерлердің қойылған сауалдарына кеңес беру.

Мекенжайы:Өскемен қ., Қазақстан к., 55 (№ 5 оқу ғимараты) 405 каб. 406 каб.
Тел.: 8 (7232) 24-12-79 (іш. 129, 130)
E-mail: otdel_kadrov@vkgu.kz

Бухгалтерлік есеп бөлімі

Бухгалтерлік есеп бөлімі

Касенуалиева Зере Есимжомартовна

Бас бухгалтер

Бухгалтерия университеттің дербес қурылымдық бөлімшесі болып табылады және ол тікелей ректорға және бірінші проректорға бағынады. Бухгалтерия өз қызметінде Бухгалтерия туралы ережені басшылыққа алады.

Нормативтік құжаттар:

  • Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы» Заңы және ҚР Үкіметінің басқа да шешімдері, қаулылары мен өкімдері.
  • ҚР Салық Кодексі және ҚР Үкіметінің басқа да шешімдері, қаулылары мен өкімдері.
  • ҚР Еңбек Кодексі және ҚР Үкіметінің басқа да шешімдері, қаулылары мен өкімдері.
  • ҚР «Білім беру туралы» Заңы.
  • Университет Жарғысы.

Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері:

  • Шығындар мен айналым есебін жүргізу, шығындар сметасының орындалуына, қызмет көрсету есебін жүргізу, өнім, жұмыстар мен қызмет көрсету өзіндік құнының экономикалық жағынан дәлелді есеп беру калькуляцияларын жасау; белгіленген ережелерге сәйкес университеттің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне нақты есеп жүргізу.
  • Мемлекеттік бюджетке төлемдерді дұрыс есептеу және уақытында аудару.
  • Бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік жазбалар негізінде дұрыс бухгалтерлік есептерді жасау, белгіленген мерзімде тиісті органдарға оларды тапсыру.
  • Бухгалтерлік құжаттарды сақтау, оларды белгілінген тәртіпте рәсімдеу және мұрағатқа тапсыру.
  • Ұйым қызметкерлері шаруашылық операцияларды жүзеге асырған кезде мүлік пен міндеттемелердің мақсатқа сәйкестілігі, қолда бары және қозғалысы туралы, белгіленген ереже, норматив және сметаларға сәйкес материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын қолдану туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
  • Ұйымның шаруашылық қызметінің теріс нәтижелерін болдырмау және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау.
  • Бухгалтерлік ақпаратқа есеп жүргізу әдістерін, сондай-ақ есеп беру ақпараттарын өңдеу технологиясын  анықтау.
  • Белгіленген тәртіпте ұйымның есеп саясатын қалыптастыру.

Бөлімнің қызметтері:

  • Жаппай, үздіксіз, деректі және өзара байланысты бейнелеу арқылы ақшалай түрде табиғи өлшемдер негізінде мүлік, міндеттемелер және шаруашылық операциялар есебін ұйымдастыру.
  • Жарғы капиталы, бөлінген мүлік бойынша есеп-айырысу есебін ұйымдастыру.
  • Ұзақ мерзімді инвестициялар мен оларды қаржыландыру көздерінің есебін жүргізу.
  • Негізгі қорлар, негізгі құрал-жабдықтар мен мүлік, бейматериалдық активтер амортизациясы есебін ұйымдастыру.
  • Материалдардың түсуі мен шығуына жинақтама және талдама есеп жүргізуді ұйымдастыру.
  • Қызметкерлермен, зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша, жалақыдан шегеру бойынша есеп-айырысу есебін ұйымдастыру.

Бөлімді басқару және оның құрылымы:
Бас бухгалтер қызметіне ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің келісімі бойынша университет ректорымен тағайындалады. Бухгалтерия бөлімі бас бухгалтерге бағынады.

Бөлімнің құрылымы:

  • Бас бухгалтер, тел.: 54-13-67 (ішкі 133), сағ. 9.00-ден – 18.00-ге дейін;
  • Университет қызметкерлерімен жұмыс жасау бойынша есептеу тобы, тел.: 54-07-53 (ішкі 137), сағ. 9.00-ден – 18.00-ге дейін;
  • Материалдық топ, тел.: 54-07-53 (ішкі 136), сағ. 9.00-ден – 18.00-ге дейін;
  • Студенттермен жұмыс жасау бойынша топ, тел.: 54-07-53 (ішкі 134), сағ. 9.00-ден – 18.00-ге дейін;
  • Касса, тел.: 54-09-00, сағ. 9.00-ден – 18.00-ге дейін.

Бөлімнің құқығы:
Бөлімнің қызметкерлері:

  • Барлық ұйым қызметкерлерінен ұйымда бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету үшін бастапқы құжаттардың уақытында тапсырылуын талап етуге.
  • Ақшалай қаражаттарды, тауарлық-материалдық қорлар және басқа да құндылықтарды кабылдау, кіріске алу, сақтау және шығындау тәртібін қадағалауға.
  • Ұйымның әр қызметкерінен бухгалтерлік есептің тиісті жүргізілуін қамтамасыз ететін ішкі құжаттардың  дұрыс жүргізілуін талап етуге.
  • Бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін, құпиялы ақпаратты, қызметкерлерді қорғау және ұйымның мүлігін сақтау бойынша жүйені жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге.
  • Бөлім қызметкерлерінің құзыретіне тиісті сұрақтар бойынша ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне түсініктеме және ұсыныстар беруге.
  • Дұрыс бухгалтерлік есеп жүргізу үшін және бөлімге жүктелген міндеттерді атқару үшін қажетті материалдар мен мәліметтерді басқа құрылымдық бөлімшелерден сұрауға және алуға.
  • Ұйым қызметкерлерінен қаржылық құжаттарды дайындау тәртібінде анықталған қателіктерді жоюды талап етуге.
  • Заттай және ақшалай мөлшерде шаруашылық операциялар туралы мәліметтері бар толық ресімделмеген немесе дұрыс ресімделмеген құжаттарды ұйым қызметкерлерінен алмауға құқылы.

Бухгалтериядан өз құзыретіне қатысты ақпаратты талап ету қажет, өйткені ҚР «Бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есеп беру туралы» Заңының 12 бабына сәйкес бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп тіркелімінің мазмұны коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратқа жатады, оларға тек қана басшылықтың рұқсаты бар адамдар қол жеткізе алады.

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 – шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 (№1 ғимарат), 202, 205, 209, 211 кабинеттер
Тел.: 8 (7232) 54-13-67

Мемлекеттік сатып алу бөлімі

Мемлекеттік сатып алу бөлімі

Сабитов Тимур Рафикович

Бөлім басшысы

Мемлекеттік сатып алу бөлімі университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей Ректор мен бірінші проректорға есеп береді. Бөлімнің қызметі Мемлекеттік сатып алу бөлімі туралы ережеде айқындалған.

Нормативтік сілтемелер:

«Білім туралы» ҚР Заңы.
Университет Жарғысы.
ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 Заңы
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы) және ҚР Үкіметінің өзге де шешімдері, қаулылары мен өкімдері.

Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері:

Университеттің мемлекеттік функцияларының не жарғылық қызметінің жұмыс істеуін, сондай-ақ орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді уақтылы сатып алу;
Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
Мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен ашықтығы.

Бөлімнің функциялары:

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін таңдау;
тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
сатып алу қорытындысы бойынша жеңімпазбен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу;
жеткізушілердің/орындаушылардың жасалған шарттардың орындалуын бақылау;
жеткізушілермен сот-шағым жұмысы;
заңнамада көзделген жағдайларда өнім берушілерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу.

Бөлімді басқару және оның құрылымы:

Бөлім бастығын қызметке университет ректоры тағайындайды. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандар МТ жөніндегі бөлім бастығына бағынады.

Бөлім құрылымы:

МТ бойынша бөлім бастығы, тел.: 25-23-08 (ішкі.122), сағат 9.00-18.00.;
ГЗ мамандары, тел.: 25-23-08 (ішкі.123), сағат 9.00-18.00.;

Мекен-жайы: Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 55 (№5 ғимарат), каб. 307.
Тел.: 8 (7232) 25-23-08

Жоспарлы-экономикалық бөлім

Жоспарлы-экономикалық бөлім

Бежибаева Сауле Капезовна

Бөлім басшысы

Қаржылық-экономикалық бөлімі (бұданәрі-ЖЭБ) «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекетік университеті» РМҚК (бұдан әрі-Университет) дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және ректорға бағынады. ЖЭБ өз жұмыстарында ҚР заңдарын, басқа шешімдерді, ҚР Үкіметінің қаулысы мен өкімдерін, ҚР Білім және ғылым министрлігі нұсқаған нормативтік және әдістемелік құжаттарды, сондай–ақ университет бұйрықтарын, университет Ғылыми Кеңесінің шешімін басшылыққа алады.

Басты міндеті:
– – Тиісті бөлімшелермен бірлесе отырып, барлық қызмет түрлері бойынша шығындар сметасының, еңбек жоспарының жобаларын әзірлеу.
– – Университеттің барлық бөлімшелері бойынша студенттер оқуының бағасын дайындау.
– – ҚР Білім және ғылым министрлігіне, статистикалық органдарға есептік мәліметтерді уақтылы тапсыруды қамтамасыз ету.
– – Университеттің басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып, ШҚМУ-ға бөлінген қаржылай және еңбек қаражатының тиімді және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету.
– – Студенттер контингентіне сәйкес қаржыландыру түрлері бойынша кіріс пен шығыс сметаларының орындалуынан күтілетін есеп.
– – Шығын баптары бойынша шығыс және кіріс сметасының орындалу анализі.
– – Университеттің басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып университеттің қаржы – шаруашылық қызметінің жоспарын әзірлеу.
– – Университеттің жоспарлау және қаржыландыру жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу.

Негізгі атқаратын қызметі:

  • Университеттің қаржылық-шаруашылық қызметін жоспарлауды ұйымдастыру, университеттің қаржы ресурстарына деген сұранысын анықтау және қамтамасыз ету.
  • Тиісті бөлімшелермен бірлесе отырып, университеттің шығын және кіріс сметаларының, еңбек жоспарының жобаларын әзірлеу.
  • Оқу бөлімімен, факультет декандарымен және кафедра меңгерушілерімен бірлесе отырып профессорлық – оқытушылық құрам бойынша, басқарма аппараты, қызмет көрсету және оқу-көмекші қызметкерлерінің саны бойынша оқу жылына жоғарыдағы мекемелерге ұсыну үшін жоба әзірлеу;
  • ПОҚ тарифтік тізімін және ПОҚ, ӘБП, қызмет көрсету және оқу-көмекші персоналдарының оқу жылдық штаттық кестесін құрастыру.
  • Бухгалтериямен және кадрлар бөлімімен бірлесе отырып статистикалық – қаржы органдары мен министрлікке жолданатын еңбек жоспарының орындалуы, жұмысшылардың саны туралы жылдық есеп және жұмысшылардың қызметтерінің бөлінуі туралы, өзге де қаржы бойынша кезеңдік және бір рет жасалатын жылдық есеп беру және т.б. құру.
  • Маркетингтік мәліметтер болжамын есепке ала отырып, университеттің барлық мамандықтарының оқу құнын әзірлеу.
  • Барлық құрылымдық бөлімшелер бойынша ПОҚ, ӘБП, қызмет көрсету персоналы мен ОКП0 еңбекақы қоры мен штаттық бірліктерін жүйелі түрде бақылау және саралау.
  • Шығын баптары бойынша кіріс және шығыс сметасының орындалуын бақылау және саралау.
  • Жоспарлау – экономикалық бөлім университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен, бөлімдерімен және кафедралармен әрекеттеседі.
  • Университет басшылығына осы нұсқауда көрсетілген міндеттерге байланысты, жұмысты жетілдіру туралы ұсыныс жасайды.
  • Жарғы және басқа жалпы университеттік нормативтік актілер аясында қажетті шешімдер қабылдау, сондай-ақ ЖОО басқа басқару жүйесінің құзырлығында емес және заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асырады.

Мекен-жайы:Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55 (№5 ғимарат), 206 кабинет
Тел.: 8 (7232) 25-54-10 ( внут. 133)
E-mail: peo@vkgu.kz

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі

Чудобаева Асель Кунарбековна

Бөлім жетекшісі

Құжаттамалық және заңдық қамтамасыз ету бөлімі Университет ректорының бұйрығымен 2010 жылдың 10 тамызында құрылды және ректордың бұйрығымен 03.01.2013 ж. бастап Ғылыми кеңестің 28.12.2012 жылғы шешімі негізінде (№3 хаттама) Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі болып өзгертілді.

Бөлім «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі құрылымына: кеңсе, мұрағат, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімі, референттер кіреді.

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:

  1. Құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, басқару, үйлестіру, бақылау және іске асыру;
  2. Құжаттармен жұмыс жүргізудің  үлгілері мен әдістерін жетілдіру;
  3. Құжаттаудың, құжатпен жұмысты ұйымдастырудың, Білім және ғылым министрлігі құжаттарының орындалуын бақылаудың және университет мұрағатына тапсыру үшін құжаттарды дайындаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету;
  4. Құжаттамалық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша нормативтік- әдістемелік құжаттарды әзірлеу және енгізу;
  5. Құжат үлгілері көлемі мен құжат айналымын қысқарту;
  6. Есептеу және кеңсе техникаларын қолдану негізінде құжаттарды өңдеудің алдыңғы қатарлы технологияларын енгізу;
  7. Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызметтерді атқарады:

  1. Университет құжаттарының бірыңғайланған анықтамалығын әзірлеу және енгізу;
  2. Құжаттарды және құжаттар бойынша жұмыстың есептік-анықтамалық құжаттамасын өңдеу және тіркеу;
  3. Келіп түскен құжаттарды ректордың уақытында қарастыруын ұйымдастыру, ректорға қол қоюға берілетін құжаттардың дұрыс рәсімделуіне бақылау жүргізу;
  4. Университет істерінің номенклатурасын әзірлеу, істерді сақтау және құжаттық ақпаратты жедел пайдалануды қамтамасыз ету;
  5. Құрылымдық бөлімшелерде құжатпен жүргізілетін жұмысқа бақылау жасауды ұйымдастыру;
  6. Құжаттармен жұмыстың үлгілері мен әдістерін жетілдіру, сонымен қатар, атқарушылық тәртіпті арттыру бойынша іс-шараларды (тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп) әзірлеу;
  7. Құрылымдық бөлімшелердің мұрағатқа тапсырылатын істерді дұрыс рәсімдеуіне және қалыптастыруына бақылау жүргізу;
  8. Ведомстволық мұрағат жұмысын ұйымдастыру;
  9. Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
  10. Азаматтардың өтініштері бойынша, тиісті ұйымдар мен университет қызметкерлерінің сұрауы бойынша анықтамалар беру.

Бөлімнің құрамына: құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бастығы, іс жүргізу жөніндегі мамандар, мұрағатшы, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі инспектор, референттер кіреді.

Мекен-жайы: Өскемен қ., Қазақстан к., 55 үй, №205 каб.

Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету және цифрландыру орталығы

Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету және цифрландыру орталығы

Ділдебай Балғын

Орталық жетекшісі

Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету және цифрландыру орталығы (АТҚЕжЦО) С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жеке құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ақпараттық және коммуникациялық салада мамандандырылып, барлық жоғары мектептермен, құрылымдық бөлімшелерімен мақсаттанған тығыз қатынаста қызмет көрсетеді.

АТҚЕжЦО-ның негізгі міндеті Smart-университет жобасын кезең-кезеңімен іске асыру, жоғары мектептерді, кафедраларды, университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерін жабық ұжымдық желімен, қазіргі заманғы компьютерлік мультимедиалық жүйемен және университетті басқару үрдісін автоматтандырудың негізінде оқу үрдісін ақпараттандырудың технологиялық платформасымен қамтамасыз ету болып табылады.

Білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми қызмет шеңберінде АТҚЕжЦО-ның міндеті болып табылады:

  • Студенттерге, магистранттарға, доктаранттарға, оқытушыларға және қызметкерлерге (ақпараттық технология шеңберінде) ақпараттық және техникалық қызмет көрсету;
  • Мәліметтер қоры серверінің бірыңғай жүйесін және ақпараттық Интернет/Интранет серверін жобалау және дайындау;
  • Интернетке қатынауды қолдану бойынша бірыңғай саясатты дайындау және жүзегеа сыру;
  • Университеттің ақпараттық ресурcтарын қорғау мен ақпараттық қауіпсіздік саясатын дайындау және жүзеге асыру;
  • Жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының тапсырмаларын құру мен орындауға қатысу.
  • ААЖ, eUniver,vku.edu.kz бойынша орнату және қолдау.

Өндірістік сала шеңберінде АТҚЕжЦО-ның міндеті болып табылады:

  • Компьютерлік техника мен жабық ұжымдық желі элеметтерін жөндеуді ұйымдастыру;
  • Білім беру, кәсіби және білім қорын басқару шеңберінде университеттің ақпараттық ресурстарын жобалау, құру және дамыту;
  • Білім беру үрдісін ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету;
  • ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерінің жаңа ақпараттық технологияларға қажеттілігін білу, телекоммуникациялық, компьютерлік құрал-жабдықтарды, кеңсе техникаларын және бағдарламалық құралдарды орталықтандырылған сатып алуын ұйымдастыруға қатысу және сараптама жүргізуді қамтамасыз ету.
  • Компьютерлік техника, коммуникациялық құрал-жабдықтар және университеттік кеңсе техника құралдарын қолданылуын қадағалау және есептеу жүйесін ұйымдастыру;
  • Университеттің құрылымдық бөлімшелерін ақпараттандыру мәселесі, жаңа ақпараттық технологиялар мәселелірін қолдану мен дамыту бойынша ақпараттық және кеңестік қызмет көрсету;
  • АТҚЕжЦО-ның құрал-жабдықтарының жұмыс жағдайын қадағалау, бағдарламалық жасақтаманы үнемі жүйелеу және жаңарту;
  • Білім беру саласын басқару бойынша бағдарламалық жасақтаманы құрастыру, орнату және сүйемелдеу, электрондықұжатайналым жүйесін ұйымдастыру;
  • Бар құрал-жабдықтарды, сонымен қатар, өзін-өзі өтеушілік шартында кең форматты басып шығару және басқа да қажетті ақпаратты-техникалық қызметті көрсету арқылы тиімді пайдалану.

Негізгі қызметі

  1. Компьютерлік тестілеуді өткізуді техникалық және ұйымдастырушылық-методикалық қамтамасыз ету;
  2. Біркелкі доменді ұйымдастыру және қолдау, Интернетке шығуды және трафикті бөлуді қамтамасыз ету;
  3. Презентациялық іс-шараларды техникалық қамтамасыз ету үшін қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу;
  4. Оқу үрдісінде ақпараттық жүйе және бағдарламалық құрал жабдықты ендіру мен сертификаттау, білім беру қызметін қажетті бағдарламалық жақтамалармен қамтамасыздығына талдау жүргізу;
  5. Оқу үрдісін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету бойынша бағдарламалық жасақтаманы құру, ендіру және қолдау;
  6. ААЖ қолдау;
  7. web-сайттар мен порталдарды құружәне қолдау;
  8. компьютерлік паркті жөндеуді ұйымдастыру;
  9. кеңсе техникасына қызмет көрсету;
  10. жабықұжымдық желінің жұмыс жағдайын қолдау;
  11. жаңа және моденизирленген компьютерлік және жобалау техникалары негізінде білім беру және ғылыми қызметте қолдану бойынша техникалық шешімді жобалау және ендіру, ЖОО-ның ақпараттық инфроқұрылымында жаңа объектілер құру;
  12. ЖОО-ның ғылыми-білімдік инфрақұрылымын дамыту бойынша инновациялық жобаларды құру және жүзеге асыруда ақпараттық-техникалық қолдау.

Мекен-жайы: Өскемен қ., 30-шы Гвардиялық дивизия к. 34 (№1 ғимарат), 239 к.
Телефон: 8 (7232) 540-316 (ішкі 115)
Е-mail: dyldebayb@gmail.com

 
Қашықтықтан оқыту технологиялар бөлімі
Қашықтықтан оқыту технологиялар бөлімі

Сарынова Зауре Толегеновна

Бөлім жетекшісі

Мақсаты:заманауи қашықтықтан білім беру технологияларын (ҚБТ) пайдалану арқылы білім берудің сапасы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

– ҚБТ қолдана отырып оқитын студенттердің оқу жетістіктерін бақылау және оқытуды ұйымдастыру;
– оқу үрдісіне қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу;
– Университетте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құжаттарды дайындау;
– қашықтықтан оқыту порталын жаңғырту және сүйемелдеу, Университеттің автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен порталды біріктіру;
– ҚБТ бойынша статистиканы құру;
– ҚБТ қолдану арқылы білім беру үдерісін жүзеге асыру бойынша Университет бөлімшелеріне консультациялық қолдау көрсету;
– қашықтықтан оқыту саласында басқа білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттестік және тәжірибемен алмасу;
– қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану жағдайында тестілеужүйелері мен басқа да білім бақылау құралдарын басқару;
– қашықтықтан технологиялардың бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзірлеу, игеру және пайдалануды қолдауға қатысу;
– білімді қорытынды бақылау кезінде аутентификация жүйесі арқылы білім алушылардың жеке басын сәйкестендіруді қамтамасыз ету.

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия к., 34 (№ 1 ғимарат), каб. 242
Тел.: +7 (7232) 541-493 (148)
E-mail: zsarynova@vku.edu.kz

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі бөлім

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі бөлім

Байдрахманов Даурен Серикович

Бөлім жетекшісі

Бөлімнің негізгі мақсаты университетте толық әлеуметтік – педагогикалық орта құру, студенттер бойында жан-жақты дамыған әлеуметтік тұлға тәрбиелеу, студенттердің өздігінен шығармашылық қабілетін іске асыруға талпындыру үшін жағдай жасау.

Міндеттері:

– мамандарды даярлауда болашақ және қолданыстағы даярлау бағыттарына сәйкес мәліметтер қорын жасау мақсатымен маркетингтік зерттеулер, мамандықтар номенклатурасының мониторингісін жүргізу және жаңа мамандықтарды лицензиялау.
– тәрбие жұмыстары мен әлеуметтік мәселелерді ұйымдастыру, бақылау және реттеу, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің тәрбие жұмыстарын жалпы басқару;
– тәрбие жұмыстарын болашақ және ағымдық жоспарлау;
– мамандарды даярлау сапасының мониторингі;
– студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізуге жаңа әдістер енгізу, кураторлар тәжірибесін жинақтау;
– университет Ғылыми кеңесі мен ректоратының жоспарларының, шешімдерінің, ректор мен стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлардың тапсырмаларының сапалы және уақытында орындалуын қамтамасыз ету, есептік құжаттама мен ағымдағы шұғыл ақпаратты дайындау;
– уақытындағы талаптарға сай бөлім қызметкерлерінің біліктіліктілігін үздіксіз арттырып отыру;
– университеттің білім беру сапасының менеджменті жүйесі дамуының мақсаттары мен бағыттарының бірлігін қамтамасыз ететін тәрбие үрдісіне тиімді жетекшілік ету;
– әрбие үрдісінің сапасын басқарудың барлық деңгейлерінде ТЖжӘС бойынша бөлім жұмысшыларының жауапкершілігін арттыру, қолайлы ішкі орта мен барлық үрдіске қатысушыларды нақты нәтижелерге жетуге ынталандыратын уәж жүйесін құру;
– университет имиджін құруға және қолдауға қатысу.

Психологиялық қызмет
Психологиялық қызмет

Кенжебаева Айым Рыскелдіқызы

Психолог

Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға, сондай-ақ өздерінің күшті жақтарын жақсы білгісі келетіндерге психологиялық қолдау көрсету, олардың ерекшеліктерін құрметпен қабылдау және жеке тұлға ретінде дамуына, әлсіздіктерді қабылдай алуына жағдай жасау.

Қашықтық форматтағы консультациялар алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі. Ол үшін WhatsApp-қа 8-775-828-00-40 Атыңызды және тобыңызды көрсететін хабарлама жіберіңіз.

Офлайн форматта мына мекен-жайға келіңіз: 30 – шы Гвардиялық Дивизия, 34, 1-корпус, 222 кабинеті.

Өкінішке орай, біз әрқашан өзімізді мазалайтын нәрсені басқа адамдармен бөлісе алмаймыз, өйткені біз жақындарымызды алаңдатқымыз келмейді немесе көмек сұраудан ұяламыз.

Психологпен кеңесу, ең алдымен, адамды не қызықтыратыны туралы айту мүмкіндігі. Психолог әрқашан оның жағында болады. Ол ешбір жағдайда сынамайды немесе айыптамайды, адамның басынан өткергеннің бәрін түсінуге және сезінуге тырысады. Психолог өмірдегі ең маңызды нәрсе адамның физикалық және психологиялық денсаулығы екенін біледі.

Клиент психологқа айтқанның бәрі құпия және жасырын.

Психолог кеңес бермейді, өйткені әр адам өз бетінше шешім қабылдауға және өз өміріне жауапты болуға үйренгенде психологиялық тұрғыдан ересек болатынын біледі.

Психолог ғылыми білімге сүйене отырып ұсыныстар бере алады және шешім қабылдаған кезде өз клиентіне қолдау көрсетеді.

Байланыс телефоны: 8-775-828-00-40

Мекен-жайы: 30 – шы Гвардиялық Дивизия, 34, 1-корпус, 222 кабинеті.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі

Шарапиева Гульнур Даулеткановна

Бөлім жетекшісі

Бөлім тарихы:

2012 жылдың 10 желтоқсанындағы ректор бұйрығына және инновациялық даму мен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру департаменті мен халықаралық байланыс департаменттерін қайта ұйымдастыру сәйкес, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі департаменті құрылды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және инновациялық технологиялар бөлімі (ҒЗЖ, СҒЗЖ ұйымдастыру және ИТ бөлімі) инновациялық даму мен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру департаментінің ҒЗЖ ұйымдастыру және инновациялық технологиялар бөлімдерінің бірігуінен құрылды, және профессор-оқытушылық құрам мен білім алушы жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйыдастыру-басқару мен ғылыми-ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етеді.

2014 жылдың 15 тамызындағы № 254-п С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының шататтық кесте туралы бұйрығына сәйкес бөлім атауы «ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі» болып өзгертілді.

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімінің жұмысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қарқынды индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес оқу үрдісінің субъектілерін ғылыми-зерттеу қызметіне тарту үшін қажетті жағдайларды жасауға бағытталған.

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі қызметінің басты бағыттары:

  1. Университет қызметінің басты бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру.
  2. Жоғары білім мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру.
  3. Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен жеке қызметкерлерінің ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту және жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
  4. Отандық және шетелдік ғылыми мекемелермен, ұйымдармен және өндірістік кәсіпорындармен ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша байланыстарды нығайту; бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру.
  5. Университеттің докторанттары, магистранттары мен студенттерінің ғылыми зерттеулерін жүргізуге қолдау көрсету.
  6. Қазақстан Республикасының кәсіпорындарына, ұйымдары мен мекемелеріне ғылыми-техникалық қолдау және қызмет көрсету.

Мекен-жайы: 070002, Өскемен қ., 30-шы Гвардиялық дивизия, 34, №1 оқу ғимараты, каб. №243.
Тел.: 8 (7232) 241-401
E-mail: naukavkgu@mail.ru

Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі

стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі

Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері

 

Университеттің стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі бірқатар міндеттерді орындайды:

  1. Студенттерге, оқытушыларға, қызметкерлерге және ғалымдарға арналған академиялық алмасуларды, тағылымдамаларды, мәдени бағдарламаларды және басқа да халықаралық әрекеттерді қамтитын бағдарламаларды үйлестіру;
  2. Халықаралық студенттерді, зерттеушілерді, оқытушыларды қабылдау үдерісінен бастап барлық қажетті ақпаратпен және қолдаумен қамтамасыз ету, визалық қолдауды ресімдеу, университет ортасына интеграциялау;
  3. Университетті әлемдік аренада ілгерілету, халықаралық студенттер мен серіктестерді тарту бойынша іс-шаралар өткізу, сондай-ақ басшылық материалдар мен ресурстарды құру;
  4. Халықаралық және аккредиттеу бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы деректерді жинау және талдау, олардың тиімділігін бағалау және қызметті жақсарту үшін ұсыныстар беру;
  5. Университетті аккредиттеуге дайындау және қажетті аккредиттеу стандарттары мен талаптарының сақталуын бақылау, білім беру сапасын бағалау үшін деректерді жинау және талдау.

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55 (№5 ғимарат), 302 кабинет

Тел.: 8 (7232) 25-05-97 (ішкі.142)

E-mail: mezhdunar_otdel@vku.edu.kz

Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрасы

Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрасы

Керенцев Александр Николаевич

Кафедра бастығы – Запастағы подполковник

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Болатова Жаннель Болатовна

Орталық жетекшісі

«Professional Upgrading» мансап орталығының жұмыс бағыттары:

– «Жас Талап» дайындық курстары;

– Шетелдік студенттерге арналған дайындық бөлімі;

– Foundation Бағдарламасы;

– Түлектерді жұмысқа орналастыру

– «Серпін» Штабы

– өткен жылдардағы түлектердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және тілдік даярлау.

«Professional Upgrading» мансап орталығы:

  • Жалпы орта білім беретін мектептер мен колледждердің түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
  • Талапкерлерге дайындық курстарын өткізеді;
  • Перспективалық және ағымдағы жоспарларды құруды, университеттің білім беру қызметтерінің маркетингі бойынша деректер банкін құруды қамтамасыз етеді;
  • Жаңа топтаманы ұйымдастыру үшін БАҚ-та жарнамалық іс-шараларды өткізу стратегиясын әзірлейді;
  • Талапкерлер үшін ақпараттық-анықтамалық және жарнамалық материалдар шығарады;
  • * Жаңа білім беру бағдарламалары мен дайындық бағыттарын ашуға жәрдемдеседі;
  • Университеттің білім беру қызметтерінің сапасы туралы тұтынушылардың пікірін зерттейді және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындайды;
  • Университеттің студенттік контингентін қалыптастыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарымен және мекемелерімен байланысты жүзеге асырады;
  • Қабылдау комиссиясының жұмысына, талапкерлердің университетке түсу мәселелері бойынша кеңес береді;
  • Түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастық құрады;
  • Түлектер жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер банкін құру;
  • Түлектерді кәсіпорындар мен ұйымдардағы ашық бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • Біліктілікті арттыру, кадрларды қайта даярлау курстарын ұйымдастыру, өткен жылдардағы түлектерді тілдік даярлау;
  • Түлектердің мансабын жоспарлау және дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
  • «Серпін» бағдарламасы бойынша контингент жинау мақсатында елдің оңтүстік өңірлерінде үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру;
  •  «Серпін» жобасы аясында білім алушылардың академиялық, мәдени өміріне бейімделуге көмек.

Шаруашылық департаменті

Шаруашылық департаменті

Әуелбаев Еркін Маратұлы

Директор

Шаруашылық департаменті Университет ректорының бұйрығымен 2010 жылдың 25 тамызында құрылды. Бөлім «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қызметтің негізгі бағыттары:

  1. Білім үрдісін жүргізу үшін университет нысандарын техникалық дайындауды қамтамасыз ету.
  2. Еңбекті қорғау нормалары мен талаптарына сай оқу орындарын, зертханаларды, кабинеттерді, шаруашылық және мәдени-тұрмыстық бөлімшелерді қажетті мүкәмалмен және жиһазбен қамтамасыз ету.
  3. Оқу ғимараттарын, жатақхана, асхана, оқу-спорттық қорларды, гараж, қоймаларды ретке келтіру және тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайын қамтамасыз ету.
  4. Ғимараттарды және оған іргелес аумақтарды пайдалану және күтіп баптау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
  5. Автокөлік шаруашылығының қауіпсіз жұмысын ұйымдастыру.
  6. ҚНмЕ-ге лайықты тиісті жобалық-сметалық құжаттаманы дайындаумен бірге ғимараттарды ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру.
  7. Оқу ғимараттары мен университет жатақханаларының инженерлік желілеріне және оларды дұрыс пайдаланылуына бақылау жүргізу.
  8. Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі бойынша ережелер мен нормалардың сақталуын бақылау, қауіпсіз және дұрыс еңбек жағдайын қамтамасыз ету.

Университет есебінде 8 оқу-зертханалық ғимарат бар. ШҚМУ-дың оқу ғимараттарының жалпы ауданы 41974 м2, оның ішінде оқу-зертханалардың ауданы 23999 м2 құрайды.
Для проживания иногородних студентов университет располагает 4 общежитиями на 1750 мест общей площадью 16915 кв.м., в том числе жилая площадь составляет Университет қарамағында өзге қалалардан келген студенттердің тұруына арналған жалпы ауданы 16915 м2 1750 орынға арналған 4 жатақхана бар, соның ішінде тұрғын үйдің ауданы 9530 м2 құрайды. Жатақханалар орындарының тұрғындармен қамтылуы – 100%.
Салауатты өмір салтын сақтау мен денсаулықты нығайту үшін университетте 16 үйден тұратын ОҒӨБ «Сібе» оқу-ғылыми өндірістік кешені бар. Студенттер жазғы өндірістік іс-тәжірибеден Г.Вистениус-Д.Панкратьев атындағы ОСПО–да өтеді.

Аманов Темирбек Толукпаевич

Күзет бөлімінің жетекшісі

Оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіподақ комитеті

Оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіподақ комитеті

Аяганова Нурбахыт Касымовна

Оқытушылары және қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы

КЕ АҚ «Сәрсен Аманжолов атындағы шығыс қазқстан университеті» оқытушылары және қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы – Аяғанова Нұрбахыт Қасымқызы

Университет кәсіподақ комитеті өз жұмысында ҚР Конституциясын, «ҚР еңбек кодексі» Заңдарын, «Білім туралы», «Кәсіподақтар туралы», «ҚР әлеуметтік серіктестік туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңдарды және басқа да заң актілерін, сонымен бірге білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жарғысын, ҚР Үкіметі мен кәсіподақтардың Республикалық бірлестігі, жұмыс берушілердің Республикалық бірлестігі арасындағы Бас Келісімді, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Білім және ғылым қызметкерлері Кәсіподағы арасындағы салалық Келісімді, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ еңбек ұжымының ректормен Келісім-шартын басшылыққа алады.

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 – шы Гвардиялық Дивизия көшесі, 34 (№1 ғимарат), 232 кабинет
Тел.: 
8 (7232) 54-05-87 (ішкі 141)
E-mail: 
profkom@vkgu.kz

Ғылыми кітапхана

Ғылыми кітапхана

Нуралиева Перизат Кузембаевна

Кітапхана директоры

Университет кітапханасының тарихы 1952 жылы Өскемен педагогикалық институтының ашылу кезеңінен басталады. Бүгін  – ол университетпен бірге заманауи дамыған Шығыс Қазақстан аймағындағы жоғары оқу орындарының ең ірі кітапханасы. Казіргі кезде 1 миллион данадан астам қоры бар. Оның құрамын қазақ, орыс және шет тілдеріндегі ғылыми, оқу және көркем әдебиеттер, ноталар, электронды жинақтар және  XVIII – XIX ғасырларда шығарылған сирек кездесетін құнды  кітаптар мен құжаттар құрайды.

Кітапхана сайттында, ақпараттармен, электронды ресурстармен  таныстыратын көпсалалы іздеу мүмкіндігі бар электронды каталог ұсынылған www.library.vku.edu.kz.

Кітапхана пайдаланушылары баспа және электронды түрдегі ғылыми журналдарға, электронды оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдарға, монографияларға; Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханаға (РМЭБ); Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасына (ҚазҰЭК); Scopus және Web of Science халықаралық деректер базаларының ресурстарын пайдалану бойынша ұлттық жазылым жобасына; «Эпиграф» ЭК,  «Лан» ЭК, «Кәсіпқор» ЭК, «PROFобразование» ЭК, «Біздің Абай» ЭК, Өскемен қаласы кітапханаларының Қазақстан Республикасының мерзімді басылымдарын корпоративтік библиографиялық өңдеуге арналған облыстық жобасына, нормативтік құқықтық актілердің электронды құжаттарына және басқа да ресурстарға қол жеткізе алады.

Б. Мамраев атындағы Ғылыми кітапхана университеттің ақпараттық-білім беру және мәдени орталығы бола отырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда, сапалы білім алуға  ақпаратпен жан-жақты қамтамасыз етеді, оқырмандар үшін оңтайлы жағдайлар жасайды.

Кітапхана қызмет көрсету бөлімдерінің құрылымы:

  • ғылыми әдебиеттер абонементі (№1 оқу ғимараты, 107 ауд., тел. 540-421)
  • оқу әдебиеттер кітапханасы (№3 Студенттер үйі, 1-қабат, т. 540-246)
  • студенттер оқу залы (№ 1 оқу ғимараты, 303 ауд.)
  • ғылыми-ақпараттық оқу залы (№1 оқу ғимараты, 229 ауд.)
  • мерзімді басылымдар оқу залы (№ 1 оқу ғимараты, 101 ауд.)
  • №2 оқу ғимаратының оқу залы
  • №4 оқу ғимаратының оқу залы
  • №7 оқу ғимаратының оқу залы
  • №9 оқу ғимаратының оқу залы
  • Жоғары колледж оқу залы (№ 3 оқу ғимараты, 301 ауд.)

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 (№1 оқу ғимараты)

Тел.: 8 (7232) 54-04-21

Е-mail: pnuralieva@vku.edu.kz

ШҚУ «Берел» баспасы

ШҚУ «Берел» баспасы

Ислямова Сараш Аскаровна

Директор

ШҚМУ баспасы 1996 жылдың 19 сәуірінен (№ 2-хаттама) бастап Бұқаралық ақпарат баспасөз ісі Ұлттық агенттігі шешімінің негізінде қызмет атқарады.

ШҚМУ баспасы университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады және ШҚМУ Жарғысының барлық ережелеріне бағынады, сондай-ақ университет аясында тиісті құжаттармен бекітілген дара басшылық және бірдей бағыну қағидаларына сәйкес жұмыс істейді. Сонымен қатар баспа университеттің өндірістік құрылымы бола отырып, баспа-полиграфиялық қызмет көрсетуге тапсырыс берушілермен өзара әрекет жасау жөнінде өз бетімен шешім қабылдауға құқылы.

Баспа өз қызметінде Қазақстан Республикасының баспа мәселелері туралы заңдарды, баспа қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды, жоғарғы ұйымдардың нұсқаулық және директивті актілерін, университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.

13.11.2013 ж. бастап ШҚМУ баспасына «Берел» аты берілді (26.11.2013 ж. №378-п бұйрық).

Баспа қызметінің негізгі мақсаттары:

  • ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген тематикалық басылым жоспарын уақытында орындау;
  • дайын өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету;
  • университеттің оқу-әдістемелік, ғылыми және басқа да полиграфиялық өнімдеріне деген мұқтаждығын толық қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыс көлемін орындау.

Мақсаттарға жету үшін баспаға келесі міндеттер қойылады:

  • Университеттің және оның құрылымдық бөлімдеріне қажетті оқу-әдістемелік, ғылыми және басқа да өнімдерді басып шығару;
  • баспаны заманауи компьютерлік және полиграфиялық техникамен, бағдарламалармен және полиграфиялық технологиялармен жабдықтау;
  • материалды-техникалық базаны дамыту, технологиялық тәсілдерді дайындап жасау, баспа өнімін қазіргі заманға сай безендіре алатын, оның тауарлық түрін және жоғары мазмұндық деңгейін қамтамасыз ететін кадрлық әлеуетті қалыптастыру;
  • кадрлық құрамның жүйелі түрде біліктілігін арттыру, қызметкерлердің өзара ауыстырмалылығына қол жеткізу және өндірісті ұйымдастырудың тиімдірек әдістерін енгізу;
  • жалпы университеттік мақсаттар мен міндеттерді орындау барысында университеттің құрылымдық бөлімдерімен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде қарым-қатынастар орнату;
  • университеттің оқу үрдісін және әкімшілік-шаруашылық қызметін қажетті басылымдық сапалы өнім мөлшерімен қамтамасыз ету;
  • халықаралық дәрежедегі жоғары оқу орны деңгейіне сай келетін университеттің имиджін құру және қолдау;
  • университеттің оқу, әдістемелік, ғылыми еңбектерін редакциялық өңдеу және полиграфиялық жоғары деңгейде орындау;
  • баспа жұмысын баспа қызметіндегі және полиграфиялық өндірістегі өндірістік үрдіске белгіленген нормативтерге сәйкес жоспарлау және ұйымдастыру;
  • дайын өнімнің қажетті сапасын, тапсырыстардың баспа-полиграфиялық жұмыстарға арналған нормативтермен белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету.

«Берел» баспасының орындайтын жұмыстарының тізімі:

  1. Компьютерде мәтін теру.
  2. Мәтіндерді принтерден шығару.
  3. Толық түрлі-түсті суреттерді принтерден шығару.
  4. Мәтіндерді редакциялау: мақалалар, диссертациялар, монографиялар, дипломдар, авторефераттар және т.б.
  5. Дәптерлерді, блокноттарды тігу.
  6. Термотүптеу: журналдар, кітаптар, дипломдық жұмыстар.
  7. Пружиналық түптеу.
  8. Пластикалық түптеу.
  9. Кез келген форматтарда және дизайнда бланкілікөнімдер.
  10. Түрлі-түсті және түрлі-түсті емес визит карточкаларын дайындау.
  11. Түрлі-түсті құттықтаулар мен ашық хаттар дайындау.
  12. Ламинаттау, фольгалау.
  13. Дизайнерлік жұмыстар.
  14. Көшірме жасау.
  15. Оқу құралдары, монографияларды басып шығару.
  16. «Шығыстың аймақтық хабаршысы» журналын басып шығару.
  17. «Үлкен Алтай әлемі» Халықаралық ғылыми журналын шығару.
  18. Жарнамалық өнімдер жасау.

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 – шы Гвардиялық дивизия көшесі, 42
Тел.: 8 (7232) 54-04-80
E-mail: izdatelstvo@vkgu.kz

Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы

Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы

Исебаева Бакытгуль Кудышевна

Директор

КДжБАРО ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ – білім беру саласы мамандарының біліктіліктігін арттыру, инженерлік-педагогикалық, техникалық және кәсіби кадрлар мен кәсіпорын қызметкерлерін оқыту және қайта даярлау, тұрғындарға кәсіптік даярлау бойынша қызметтер ұсыну.

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

  • Білім беру саласы мамандарының, кәсіпорындар мен әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби және тұлғалық құзыреттілігін жетілдіру;
  • Техникалық – кәсіптік білім саласы қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыруға арналған  әтүрлі курстар ұйымдастыру;
  • Кадрлардың кәсіби және тұлғалық даму бағдарламаларын әзірлеу;
  • Кадрлардың өзін-өзі жетілдіру, дамыту қажеттілігін қалыптастыру;
  • Тұрғындар үшін  қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру;
  • Білім алушыларға қосымша білім беруді ұйымдастыру.
  • Университет ПОҚ мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды жоспарлау, ұйымдастыру, мониторинг жасау.

НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАР:

  • Кәсіби бағыты мен оқу мерзімі бойынша әр түрлі  біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарын өткізу;     
  • Студенттерге, магистранттарға және докторанттарға қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту курстарын  ұйымдастыру;
  • Озық педагогикалық тәжірибелерді тарату үшін конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конкурстар өткізу;
  • Біліктілікті арттыру курстарына бақылау сабақтарын өткізу, қосымша білім беру бағдарламалары мен қайта даярлау курстарының оқу жоспарына сәйкес емтихан сессиясын ұйымдастыру.
  • ПОҚ мен университет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және өткізу. 

 2022-2023 оқу жылына арналған кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру ресурс орталығының іс-шаралар жоспары

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫ

 
Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55,
8 (7232) 252-284, 

Көптілді білім беру орталығы «Тіл әлемі»

Көптілді білім беру орталығы «Тіл әлемі»

ФИО

Директор

Орталық қызметінің негізгі бағыттары

1. ЖОО-да көптілді білім беру жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құжаттар пакетін жобалау;
2. Көптілді білім беруінің кезең-кезеңмен енгізу және оның сапасын бақылау;
3. Үш тілде білім беруді бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
4. ПОҚ және білім алушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейі бойынша жүйелі мониторинг жүргізу. ПОҚ және білім алушылардың деректер базасын жасау (деңгейлер бойынша);
5. Деңгейлік курстарды ұйымдастыру;
6. ПОҚ және студенттер үшін IELTS, TOEFL, ITP / PBT, IBT (ағылшын тілінде) «Қазтест» емтихандарды әзірлеуді ұйымдастыру;
7. Көптілді білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту;
8. Студенттердің бакалавриат және магистратура бойынша оқуды және студенттер алмасу арқылы академиялық ұтқырлықты дамытуға жәрдемдесу, университетке шетелдік ғалымдар мен оқытушыларды, аймақта істейтін шетел компанияларының мамандарын дәрістер мен практикалық сабақтар өткізу үшін шақыру;
9. Көптілді білім беру саласында ғылыми-зерттеулер мен инновациялық жұмыстарды өткізу, халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысу
10. Бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды жылдық талдау;
11. Деректер қорын және ақпараттық ресурстарды кеңейту; кітапхана қоры мен электронды базасын көптілді оқу, әдістемелік, ғылыми, анықтамалық және т. б. әдебиеттермен және мультимедиялық материалдармен толықтыру;
12. Оқу-әдістемелік материалдар, үш тілдік оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу және дайындау;
13. Ағылшын тілінде оқытылатын пәндердің, оқу-әдістемелік кешендердің, оқулықтар мен ағылшын тілінде оқу құралдардың сараптау;
14. Шетел тілінде білім беру тәжірибесін зерделеу , көптілді білім беру саласында үздік тәжірибені жинақтау;
15. Озат педагогикалық технологияларды енгізуі және қашықтықтан оқыту арқылы қазақ, орыс, шет тілдерін оқыту әдістемелерін жетілдіру;
16. Көптілді білім беруді дамыту үшін іс-шараларды ұйымдастыру (конференциялар, семинарлар, т. б.).
17. Көптілді білім беру материалдық-техникалық базасын дамытуға жәрдемдесу;
18. Ағылшын тілінде сабақ жеүргізетін ПОҚ-ның еңбегін ынталандыруға жәрдемдесу;
19. Орталықтың ақпараттық қолдауы.

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Казахстан 55 (корпус №5). 103 аудитория
E-mail: agarkusha@vku.edu.kz, multiling.center@gmail.com

Азаматтық қорғау және еңбекті қорғау штабы

Азаматтық қорғау және еңбекті қорғау штабы

Жумажанов Жетпис Бектасович

Штаб жетекшісі

Азаматтық қорғау және еңбекті қорғау штабы «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ ПОҚ, қызметкерлері мен студенттерінің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауының алдын алу және қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану бойынша жұмысты жүргізеді және қауіпсіз еңбек жағдайларын, арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен уақтылы қамтамасыз етуді, жұмыс орнында болған жазатайым оқиғаларды уақтылы тергеп – тексеруді қамтамасыз етеді.

Негізгі міндеттері:

АҚ және ТЖ бойынша:

  • Бейбіт және соғыс уақытына арналған АҚ жөніндегі жоспарды әзірлеуге басшылық жасау, оны жыл сайын түзетуді жүзеге асыру;
  • Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде көмек көрсету және өзін-өзі құтқару тәсілдері бойынша басшы құрамның, профессорлық-оқытушылық құрамның, қызметкерлер мен студенттердің, АҚ құралымдарының АҚ және ТЖ бойынша дайындықты жоспарлау және ұйымдастыру;
  • АҚ бастығының бұйрықтары мен өкімдерін орындаушыларға уақтылы жеткізу;
  • АҚ және ТЖ жөніндегі комиссияны, сондай-ақ объектінің басқа да комиссияларын құруға және жұмысына қатысу;
  • Жоғары тұрған органдарға хабарламалар мен басқа да есептік құжаттарды уақтылы ұсыну;
  • АҚ бастығының нұсқауы бойынша жүйелі тексеру жүргізу және өртке қарсы жағдайы үшін жауапты тұлғалармен бірлесіп нысандардың өрт қауіпсіздігі бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға қатысу;
  • АҚ және ТЖ бойынша барлық іс-шаралардың өткізілуіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру;
  • АҚ және ТЖ бойынша оқу-материалдық базаны жетілдіру, АҚ және ТЖ насихаттау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
  • Жұмыс және жұмыс тыс уақытында байланыс және хабарлау жүйесінің дайындығын тексеру;
  • АҚ құрылымдарымен сабақтар, оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізіп, оқитындардың барлық санаттарын даярлаудың есебін жүргізу.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша:

  • – Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, белгіленген ережелер мен нормалардың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен нұсқаулықтардың талаптарын сақтауын бақылау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының нұсқамаларын орындау.
  • – Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық – техникалық, санитарлық- гигиеналық және емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру.
  • – ЕҚ және ҚТ бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру, ЕҚ және ҚТ бойынша ішкі бақылауды, ПОҚ, қызметкерлер мен студенттердің Қазақстан Республикасының ЕҚ және ҚТ бойынша нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын жүзеге асыру.
  • ПОҚ, қызметкерлер мен студенттерде ЕҚ және ҚТ бойынша нұсқамалар өткізуді ұйымдастыру, оқыту, талаптарды білуін тексеру.
  • – ЕҚ және ҚТ бойынша заңнаманың және өзге де құқықтық актілердің сақталуын бақылау.
  • – ЕҚ және ҚТ бойынша насихаттауды ұйымдастыру.

Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, 30 – шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 (№1 оқу ғимараты), 428 каб.
Тел.: 8 (7232) 540-413
E-mail: GZhumazhanov@vkgu.kz

 

«Altai jastary» медиаорталығы

«Altai jastary» медиаорталығы

Есимханова Флюра Рашидовна

Жетекші қ.а.

Тарих. «Altai jastary» медиа-орталығы құрылымдық бөлімше ретінде баспасөз қызметінің базасында құрылған.

 

«Altai jastary» медиа-орталығы қызметінің негізгі бағыттары:

  • Бір жылға медиа жоспар құру;
  • С. Аманжолов атындағы ШҚУ қызметін жариялау: ресми сайттың ақпараттық-мазмұндық бөлігін толтыру, бейнероликтер дайындау, Instagram, Facebook, Youtube, Telegram әлеуметтік желілерін жүргізу;
  • С. Аманжолов атындағы ШҚУ қызметін қалалық, облыстық және республикалық БАҚ-та жариялау;
  • баспасөз конференцияларын ұйымдастыру;
  • баспасөз хабарламаларын жіберу;
  • қалалық, облыстық және республикалық БАҚ-тағы ШҚУ туралы жаңалықтарды мониторингілеу;
  • Жоғары мектептер мен бөлімдер мамандарының жарияланымдарын мониторингілеу;
  • ЖОО оқиғаларын фото-видеоға таспалау, медиа-архив жасау;

 

«Altai jastary» медиа-орталығының дереккөздері

  • С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың жаңартылған сайты (https://vku.edu.kz/ru) 2023 жылы құрылған. Бұрынғы сайт 2005 жылы жасалған. Бүгінде сайтта «Ректор блогы», «Сұрақ қою», «Талапкерге», «Серпін-2050», «Біз туралы», «Ғылым және халықаралық байланыстар», «Білім», «ВКУ Life», «Байланыс», «Мемлекеттік рәміздер», «Жаңалықтар» бөлімі, «Хабарландырулар» айдарлары бар.
  • Әлеуметтік желілер: Instagram (https://www.instagram.com/amanzholov_university/), Facebook (https://www.facebook.com/amanzholovuniversity), Youtube (https://www.youtube.com/@amanzholovuniversity/videos), Telegram (https://t.me/Amanzholov_University_1952)

 

2018 жылы ШҚУ-да студент-журналистер үшін «Altai jastary» медиа-орталығына кіретін телерадиостудия ашылды.

Мекенжай: Қазақстан, 55, көшесі 4-қабат, 403 кабинет
E-mail: pressavkgu@gmail.com

 

Кнопка "Наверх" с иконкой