4 ноября 2025


АЙТУЛЫ ЖИЫНДА AMANZHOLOV UNIVERSITY: АНАТОЛИЙ ЦЫГАНОВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КООРДИНАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

Орал қаласында эколого-биологиялық және туристік-өлкетану бағытындағы қосымша білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен мамандар жиналды.

Бұл маңызды жиынға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Экология және география кафедрасының қауымдастырылған профессоры Анатолий Цыганов қатысып, университет атынан баяндама жасады.

Отырыс Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтті. Шара барысында балалардың қосымша білім беру жүйесін дамыту мәселелері талқыланды педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру, заманауи цифрлық технологияларды енгізу, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, оқушыларда патриоттық және экологиялық мәдениетті қалыптастыру әдістерін жетілдіру.

Шығыс Қазақстан тарапынан Анатолий Цыганов елімізде үздіксіз экологиялық білім беруді дамыту және оның моделін қалыптастыру бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті. Сондай-ақ қосымша білім беру педагогтарын қайта даярлау бағдарламаларын Amanzholov University базасында жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды, оның ішінде педагогикалық экология бағыты да бар.

Amanzholov University ұлттық экологиялық білім беру жүйесін дамытуға дайын. Университет экологиялық білім берудің ғылыми-әдістемелік базасын күшейтуге, сараптамалық қолдау көрсетуге және білікті кадрлар дайындауға өз үлесін қосады.

Бұл бастамалар жастардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, отаншылдық сезімін арттыруға бағытталған.