Ректор блогы

Төлеген Мұхтар Әділбекұлы

Басқарма төрағасы – «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ ректоры
Профессор, заң ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), ҚР Педагогика ғылымдары академиясының академигі, Азия университеттері қауымдастығының вице-президенті, Өскемен қаласы мәслихатының депутаты

   Қабылдау күндері мен уақыты: Сәрсенбі, сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін

 Тел.: 8 (7232) 25-23-16
 Факс: 25-23-15, 24-14-71

ӨМІРБАЯН

Төлеген Мұхтар Әділбекұлы 1980 жылы 16 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында педагогтар отбасында дүниеге келді.

1997 жылы №1 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті үздік бітірді. 1997-2001 жж. аралығында Қазақ мемлекеттік заң университетінде (Алматы қ.) білім алды. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінің тергеу-криминалистік факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік аяқтады.

2001-2003 жж. аралығында ҚазГЗУ Солтүстік-Қазақстан заң институтында (Павлодар қ.) әртүрлі қызметтер атқарды: ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бірінші санаттағы маман-аудармашысы, заңгері, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, қылмыстық-құқықтық және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы.

2002-2006 жж. аралығында ҚазГЗУ Мемлекет және құқық институтында аспирантурада оқыды. 2006 жылдың қазан айында «Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың алдын алуды ақпараттық қамтамасыз ету» тақырыбында кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап, «12.00.08 – қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы» мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

2003-2006 жж. аралығында ҚазГЗУ Алматы заң академиясында қызмет атқарды: ректордың көмекшісі, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, ҚазГЗУ ғылыми бөлімінің бас маманы.

2006-2007 жж. аралығында ҚазГЗУ Құқық және экономика колледжінің құқықтық пәндер бөлімінің меңгерушісі болды.

2007 жылдың маусым-тамыз айларында Алматы қ. Бостандық ауданының №169 сайлау учаскесінің төрағасы болды.

2007-2008 жж. аралығында ҚазГЗУ Алматы заң академиясының кәсіпкерлік құқық және қаржы факультетінің деканы (Алматы қ.).

2008-2012 жж. аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қызмет атқарды: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының кеңесшісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті деканының оқу және әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары (Алматы қ.).

2012 жылдың 26 қаңтарынан 2016 жылдың 24 мамырына дейін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры (Қостанай қ.).

2016 жылдың 24 мамырынан бастап 2017 жылдың 7 сәуірі аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректоры аппаратының басшысы (Талдықорған қ.).

2017 жылдың 07 сәуірінен 2018 жылың 29 қаңтары аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің инновациялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры.

2018 жылдың 29 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №7-жқ бұйрығына сәйкес С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.

2011 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша доцент (ҚР БжҒМ 30.06.2011ж.  №0002253 шешімі) ғылыми атағын алды. 2018 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын алды. (ҚР БжҒМ 04.09.2018ж. шешімі, №1426 бұйрық). Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің запастағы аға лейтенанты.

Оның «Қылмыстылықтың алдын алу» (Алматы, 2009), «Жоғары оқу орындарындағы құқықтық тәрбие», «Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі» (Қостанай, 2014) атты 3 оқу құралы және «Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әрекеттестік мәселелері» (Қостанай, 2014), «Legal regulation of information security in the Republic of Kazakhtan» (Талдыкорган, 2017 г.)  атты екі монографиясы бар. 80-нен аса ғылыми мақалалары мен тезистері Түркия, Германия, Беларуссия, Ресей Федерациясы ғылыми журналдарында жарияланды, оның ішінде 4 мақаласы Scopus деректер базасында бар. «Іssues of state organs, social organizations and mass media interaction in struggle against crime in the Republic of Kazakhstan» атты еңбегі Middle East Journal of Scientific Research (Scopus, index, 2,0) журналында жарияланды.

2012 жылы Шығыс-Еуропа құқығы Мюнхен институтында (Германия), 2013 жылы Валенсия политехникалық университетінде (Испания) ғылыми тағылымдамадан өтті. 2014 жылдың 9-26 маусымы аралығында «Назарбаев университеті» ДББҰ мен Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі базасында (Сингапур) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары басшыларының біліктілігін арттыру курстарынан өтті. 2019 жылы наурыз айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (Алматы қ.) «Жоғары мектеп менеджменті» курсынан өтті.

2012 жылдан бері Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің РОӘК-нің, ЕурАзЭҚ Білім беру бойынша кеңесі интеграциялау комитетінің (Минск қ.) мүшесі.

2012-2016 жылдары аралығында «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі. 2018 жылдың қараша айынан  Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі. 2018 жылдың ақпан айынан ШҚО бойынша «Рухани жаңғыру» Сараптама кеңесінің төрағасы.  2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болды. «PRIMARIES-2020» «Nur Otan» партиясының дауыс беру нәтижесінде ШҚО бойынша топ-3 үздіктер тізіміне енді.

2017 жылдың мамырында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті                            Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістік құрудағы рөлі» атты ғылыми еңбегімен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының грантын иеленді. 2019 ж. сәуір айында Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі болып, 2019 жылы мамыр айында Қазақстан Жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды. 2020 жылдың қыркүйек айында құрамында Армения, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Малайзия, Ауғанстан, Өзбекстан елдері бар Азия университеттері қауымдастығының вице-президенті болып сайланды. Өскемен қаласының «Назарбаев зияткерлік мектебі» қамқоршылық кеңесі мен Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

Еңбек ету барысында көптеген ведомствалық және Үкіметтік марапаттарға ие болды: 2014 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін, осы жылы «ЖОО Үздік оқытушысы-2014» атағын иеленді. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің алғысымен, 2017 жылы «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен және «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына 75 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. 2009 және 2014 жылдары «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 75 жыл» және «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 80 жыл» толуына орай мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталды.

2020 жылдың мамыр айында «Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 75 жыл» мерейтойлық медалімен, тамыз айында «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен, қазан айында «SHYGUS QAZAQSTAN KASIPODAQTARYNA – 100 JYL» төсбелгісімен марапатталды.