16 сентября 2025


АЛТЫН БЕЛГІ ИЕГЕРЛЕРІ ҰЙЫМЫ – ЖАСТАР ЖЕТІСТІГІНІҢ АЛТЫН ҚОРЫ

«Алтын белгі» иегерлері ұйымы – озат білім иелерін, түрлі салада жетістікке жеткен дарынды жастарды біріктіретін орта. Ұйымның мақсаты – үздік оқушылар мен студенттердің жетістігін насихаттап, олардың білім, ғылым, мәдениет пен спорттағы табыстарын қолдау, жаңа бастамаларға жол ашу.

Кәкім Жәния — «Алтын белгі» ұйымының жетекшісі. «Алтын белгі» иегері – бүгінде С.Аманжолов атындағы ШҚУ-нің «Математика-информатика пәні мұғалімдерін даярлау» мамандығы бойынша грант иегері. Ол – республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі түрлі білім, өнер, спорт сайыстарының жеңімпазы.

«Алтын белгі» иегерлері ұйымы – дарынды жастардың басын біріктіріп, олардың оқу, ғылыми, мәдени, қоғамдық жетістіктерін насихаттап, жаңа бастамаларға жол ашуды мақсат етеді.

Жыл бойы түрлі ғылыми жобалар, мәдени іс-шаралар, патриоттық кездесулер ұйымдастырылады.
Ұйым мүшелері – университеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, қайырымдылық, еріктілік жұмыстарға атсалысады. Негізгі миссиясы – жастарды білімге ынталандырып, жетістікке жету жолында қолдау көрсету.