17 июля 2025


АЛҒЫС АЙТАМЫЗ

АЛҒЫС АЙТАМЫЗ!

Ректорымыз Мұхтар Әділбекұлының туған күніне орай AMANZHOLOV UNIVERSITY атына көптеген құттықтаулар келіп түсті.

Атап айтар болсақ, шынайы ықылас пен құрмет көрсетіп, арнайы құттықтау жолдаған Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы, ҚР Конституциялық Соты төрағасының орынбасары Бақыт Маратұлы, Мәжіліс депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Қанатұлы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті Әсем Тілекқызы, Өскемен қаласының әкімі Алмат Талғатұлы, Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы Александр Светаш, барша аудан әкімдері мен өзге де мекеме басшыларына алғыс білдіреміз.

Сонымен қатар, ағалық ізеті мен бағыт-бағдар білдірген аға-әпкелерге,
шынайы лебізін жолдаған іні-қарындастарға,
ақжарма тілегі мен ықыласын білдірген шәкірттер мен студенттерге
ректорымыздың және университет ұжымының атынан зор алғысымызды айтамыз!

Сіздердің ықыластарыңыз — сенім мен серіктестіктің көрінісі.
Ынтымақтастығымыз әрдайым берік болсын!

Ізгі ниетпен, AMANZHOLOV UNIVERSITY