9 апреля 2026


АМАНЖОЛОВ СТУДЕНТТЕРІ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

2026 жылғы 4–9 сәуірде Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасының Студенттік спорт лигасы (Шығыс дивизионы) аясында әйелдер командалары арасында волейболдан жарыс өтті.

Турнирге еліміздің әртүрлі өңірлерінен 10 жоғары оқу орны қатысты: Шығыс Қазақстан облысынан – 3 университет, Семей қаласынан – 3 университет және Павлодар облысынан – 4 университет.

Жарыс өте тартысты өтті. Қатысушы командалар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті, командалық рух пен жеңіске деген ұмтылыстарын танытты.

Нәтижесінде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері жүлделі екінші орынға ие болып, Студенттік спорт лигасының республикалық финалына жолдама алды. Бұл жетістік университеттің спорт саласындағы дамуын арттыра отырып, қатысушыларға алдағы жарыстарға үлкен мотивация беретін болады.