31 октября 2025


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Академиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында жазғы емтихан сессиясының және жазғы семестрдің нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар, 2025–2026 оқу жылына арналған педагогикалық білім беру бағдарламаларының түлектеріне ПББ бойынша тестілеуге дайындық барысы қарастырылды.

Отырыс барысында бакалавриат пен магистратураның 2025–2026 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын оңтайландыру, студенттердің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру жоспары мен әлеуеті талқыланды. Академиялық кеңес университет оқытушыларының оқу-әдістемелік еңбектерін жариялауға ұсыну жөнінде шешім қабылдады.

Кеңес қорытындысы бойынша барлық қарастырылған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар берілді. Бұл бастамалар білім беру процесінің сапасын арттыруға және студенттердің кәсіби даярлығын нығайтуға бағытталған.