28 ноября 2025
АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ВИЦЕ-МИНИСТРГЕ «DANA BALA» ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Аманжолов университетінде вице-министрге «Dana Bala» инклюзивті орталығының инновациялық жабдықтары мен әдістемелері таныстырылды
Аманжолов университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбеноваға «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының инновациялық жабдықтары мен әдістемелері таныстырылды. Университет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін және инклюзивті білім беруді дамытуға жасанды интеллектті енгізу бағытындағы жетістіктерін көрсетті.
«Dana Bala» орталығында балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қолдауға арналған авторлық әдістемелер мен заманауи инновациялық шешімдер ұсынылды. Негізгі әзірлемелер қатарында: баланың когнитивтік процестерін ЖИ арқылы талдайтын «Ақылды айна», артикуляциялық, нейро және тыныс жаттығулары жинақталған «Dana Bala қорапшасы», сондай-ақ зейін, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамытуға арналған «Dana Bala үшқырлы әлемі» бар. Сонымен қатар AI-боттар арқылы бастауыш сынып оқушыларына қаржылық сауаттылық пен кәсіпкерлік дағдыларды үйретуге бағытталған «Қаржы магнаты» бизнес-ойыны ұсынылды. Студенттер сенсомоторлық, сөйлеу және танымдық дағдыларды дамытуға бағытталған стартап-жобаларын таныстырды.
Университет поляк компаниясы UNOWA-мен бірлесіп жүзеге асырып жатқан халықаралық МИККО («Дамудың 6 саласы») жобасы аясында пилоттық зерттеулер жүргізіп, балалардың диагностикасын, мамандарды оқытуды және қолданылатын құралдардың валидтілігін бағалауды жүзеге асыруда. Жоба 2023–2024 жылдары құрылған инклюзивті білім берудің эталонды сыныптары негізінде іске асуда. Кабинеттердің жабдықталуы Дүниежүзілік банктің «Білім беруді модернизациялау» бағдарламасы арқылы қамтамасыз етілген, бұл болашақ педагогтарға ЕБҚ бар балалармен практикалық жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
«Арнайы педагогика» және «Ерте қолдау педагогикасы» білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары жобаларға белсенді қатысып, «Сәулетай» балабақшасында диагностика және тәжірибелік жұмыстар жүргізуде. Олар халықаралық әдістемелерді ұлттық білім беру ерекшеліктеріне бейімдеу бағытында жұмыс атқаруда.
Вице-министр Гүлзат Көбенова Аманжолов университетінің инновациялар мен инклюзивті білім беру тәжірибелерін дамытуда елдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде өз позициясын бекіте түскенін атап өтті. Университет балаларды қолдауға және ғылыми-цифрлық бастамаларды дамытуға арналған заманауи экожүйе қалыптастырып келеді.









