4 декабря 2025


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ КОМИТЕТТЕРІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті және Стратегиялық жоспарлау комитеті өз жұмысын жүргізді. Комитеттердің отырыстары университеттің стратегиялық дамуы мен ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Аудит жөніндегі комитеттің отырысында келесі мәселелер қаралды: бірінші, Ішкі аудит қызметінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары; екінші, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары.

Отырыста ішкі аудит пен комплаенс қызметінің жоспарларының тиімділігі мен олардың университеттің қаржылық және әкімшілік қызметтерін қадағалаудағы рөлі талқыланды. Комитет мүшелері жоспарлардың толық және нақты орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарын айтты.

Стратегиялық жоспарлау комитеті өз отырысында келесі бағыттарды қарастырды: бірінші, 2025–2029 жылдарға арналған даму жоспарының 2025 жылға арналған жылдық нақтылауы; екінші, Қоғам құрылымына өзгерістер енгізу; үшінші Директорлар кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары.

Стратегиялық жоспарлау комитеті университеттің даму бағыттарын талдап, құрылымдық өзгерістер мен болашақ жылдарға арналған жоспарларды тиімді жүзеге асыру жолдарын талқылады. Комитет мүшелері ұзақ мерзімді даму стратегиясын нығайтуға, сондай-ақ университеттің басқару жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Осы комитеттердің бірлескен жұмысы университеттің қаржылық тұрақтылығын, басқару тиімділігін және стратегиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Университет басшылығы комитет отырыстарының нәтижелерін ескеріп, келесі жылға арналған жұмыс жоспарын нақтылауды жоспарлап отыр.