3 марта 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Жалғыз акционердің 2026 жылғы 20 ақпандағы №82 шешімімен Директорлар кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.

Отырыста Директорлар кеңесінің төрағасы болып тәуелсіз директор Рахимжанов Амерхан Мұратпекұлы сайланды. Кеңес төрағасы Директорлар кеңесінің қызметін үйлестіруге, оның стратегиялық бағыттарын айқындауға және қабылданған шешімдердің тиімді жүзеге асырылуына жауап береді. Сонымен қатар, кеңес мүшелері, жалғыз акционер және университет басқармасы арасындағы ашық әрі нәтижелі диалогты қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі болып белгіленді.

Директорлар кеңесі жанынан стратегиялық жоспарлау комитеті, кадрлар және сыйақылар комитеті, сондай-ақ аудит комитеті құрылды. Аталған комитеттер өз құзыреті шеңберінде маңызды мәселелерді жан-жақты қарастырып, Директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлейді. Стратегиялық жоспарлау және кадрлар мен сыйақылар комитетіне Абайдильдин Талғатбек Жамшитұлы жетекшілік етеді. Аудит комитетінің төрағасы болып Рахимжанов Амерхан Мұратпекұлы тағайындалды.

Қабылданған шешімдер университеттің корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге, стратегиялық дамуды тиімді іске асыруға, сондай-ақ басқару үдерістерінің ашықтығы мен есептілігін арттыруға бағытталған.