9 января 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ: ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде дәстүрлі спартакиаданың екінші күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрі – тоғызқұмалақтан жарыстармен жалғасты. Зияткерлік ойынды дәріптеуге бағытталған бұл сайыс қатысушылардың логикалық ойлау қабілеті мен төзімділігін сынға салды.

Турнирге университеттің құрылымдық бөлімдері мен жоғары мектептері, сондай-ақ Жоғары колледж қатысып, тартысты әрі мазмұнды ойын өрнегін көрсетті. Әрбір партияда ойыншылар шеберлік пен тактикалық ойлаудың үздік үлгісін танытып, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында І орын – Қонысбек Жақаев (Жоғары колледж командасы), ІІ орын – Айдын Базарханов (Ректорат командасы), ІІІ орын – Нариман Әлекенов (Ақпараттық технологиялар орталығының командасы) иеленді.

Ал қыздар арасында үздік нәтиже көрсеткендер І орын – Ақмарал Жарқынбек (Ректорат командасы), ІІ орын – Айжан Картаева (Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі командасы), ІІІ орын – Балым Әлібекова (Ғылым бөлімі командасы) болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді. Тоғызқұмалақ жарысы университет қабырғасында ұлттық құндылықтарды насихаттаумен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ұжымдық бірлікті нығайтуға зор үлес қосқаны атап өтілді.

Дәстүрлі спартакиада алдағы күндері де түрлі спорт түрлері бойынша жалғасып, университет ұжымы мен білім алушылар арасында бұқаралық спортты дамытуға серпін бермек.