6 апреля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘСТҮРЛІ «ШЫҒЫС ТАЛАНТТАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында дәстүрлі облыстық «Шығыс таланттары» шығармашылық байқауы өтті..

Байқаудың басты мақсаты – өңірдегі дарынды мектеп оқушыларын анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін қолдау және өнерге бейім жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру. Биылғы додаға облыстың түрлі өңірлерінен 100-ден астам қатысушы қатысып, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.

Сайыс екі номинация бойынша өтті: «Вокалдық орындаушылық» және «Аспаптық орындаушылық». Қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Музыкалық білім беру» білім беру бағдарламасы бойынша білім грантын Өскемен қаласындағы №15 мектептің оқушысы Ақылбаева Томирис жеңіп алды.

«Вокалдық орындаушылық» номинациясы бойынша:

  • 1 орын – Төлеген Бекнұр (Серебрянск қаласының балалар музыка мектебі);
  • 2 орын – Омарбек Нұрали (ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚӨУК);
  • 2 орын – Қабит Самғар (С. Аманжолов атындағы ШҚУ);
  • 3 орын – Ринадқызы Алтынай (Өскемен қаласы, Оқушылар шығармашылық сарайы);
  • 3 орын – Даутова Малика (Алтай қаласы, С. Нұрмағамбетов атындағы мектеп).

«Аспаптық орындаушылық» номинациясы бойынша:

  • 1 орын – Жұмадилова Каусар (ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚӨУК студенті);
  • 2 орын – Трифонов Сергей (Риддер қаласының балалар музыка мектебі);
  • 2 орын – Болотов Артем (ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚӨУК);
  • 3 орын – Қайрдинов Санжар (ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚӨУК);
  • 3 орын – Озатбек Мейрбан (С. Аманжолов атындағы ШҚУ).

Осындай шығармашылық алаңдар жас таланттардың өнерін шыңдап қана қоймай, олардың болашақ кәсіби жолын таңдауға мүмкіндік береді. Университет талантты жастарды қолдауды әрі қарай да жалғастыра береді.