18 марта 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЕҢ ӘДЕМІ КИІМ – ҰЛТТЫҚ КИІМ» QUIZ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Digital Nauryz 2026 онкүндігі аясында «Ең әдемі киім – ұлттық киім» атты танымдық QUIZ өтті. Іс-шара 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай ұйымдастырылып, студенттердің ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыруға бағытталды.

QUIZ барысында қатысушылар қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері, атаулары мен ерекшеліктері туралы білімдерін көрсетті. Іс-шара ойын форматында өтіп, студенттер бір-бірімен тәжірибе алмасты және командалық рухтарын нығайтты.

Интеллектуалды ойын қорытындысы бойынша:

1 орын – Жетекшісі Тоғжан Жеңісқызы, Математика-Информатика 3 курс (6В01511). Команда мүшелері: Төкен Арайлы және Қанатбек Диас – Информатика 3 курс (6В01501). Команда ұлттық киімнің әсемдігін ерекше танытып, сайыста үздік нәтиже көрсетті.

2 орын – Жетекшісі Ақерке Ерболқызы. Команда мүшелері: Жаңабайұлы Бекзат және Оразқан Қарақат – Математика-Информатика 1 курс (6В01522). Олар заманауи және дәстүрлі киім элементтерін үйлестіріп, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

3 орын –Жетекшісі Жанетта Сұңғатқызы. Команда мүшелері: Нуркасимов Санжар Қадырбекұлы және Байдуллаева Еркенұр – Ақпараттық жүйелер 1 курс (6В06102). Команда ұлттық стильдерді дәл әрі креативті түрде көрсетті.

Барлық қалған қатысушылардың белсенділігі алғыс хатпен ескерілді.