27 февраля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЖАСТАР – ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ ҮШІН!» ФОРУМ-ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ.

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен облыстық прокуратураның бірлесіп ұйымдастыруымен «Жастар – құқықбұзушылықсыз болашақ үшін!» форум-фестивалі өтті.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылып, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталды. Бір ай бойы іріктеу кезеңі жүргізілді.

Байқауға жалпы 52 өтінім келіп түсті: 33 – «Театрландырылған қойылым» бағыты бойынша; 19 – «Рэп» (авторлық рэп-трек) бағыты бойынша

Финалдық кезеңде іріктеуден өткен ең үздік қатысушылар сахна төрінде өнер көрсетті. Нәтижесінде екі бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ орын иегерлері анықталып, жалпы 6 жеңімпаз марапатталды.

Қатысқан барлық командаларға алғыс білдіреміз! Бұл – үлкен бастаманың алғашқы қадамы ғана. Алдағы уақытта да «Заң мен тәртіп» құндылықтарын насихаттау бағытындағы жұмыстар жалғасады.