13 марта 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЖАС БИОЛОГ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті-нің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебіне қарасты биология кафедрасында «Жас биолог» атты облыстық олимпиада ұйымдастырылды.

Білім сайысына қала, аудан және облыс мектептерінің 11-сынып оқушылары қатысып, биология пәні бойынша білімдері мен дайындық деңгейлерін көрсетті. Олимпиада барысында қатысушылар теориялық және практикалық тапсырмаларды орындап, өзара тартысты бәсеке көрсетті.

Нәтижесінде жүлделі І, ІІ және ІІІ орындарға Өскемен қаласының №1 және №15 мектептерінің, сондай-ақ Глубокое ауданы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы» орта мектебінің оқушылары ие болды.

Ал бас жүлде мен университеттің білім гранты Өскемен қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектептің 11-сынып оқушысы Жакаева Айнельге табысталды. Айнель – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті-інде білім алуды таңдаған талапты түлектердің бірі.

Олимпиада соңында барлық қатысушыларға алдағы оқу мен өмір жолында табыс тілініп, олардың болашақта университет студенттері атануына тілектестік білдірілді.