6 марта 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара университет қызметкерлеріне арналды.

Қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен маңызды жаңалықтарымен танысты. Іс-шара барысында алғашқы сөз Басқарма төрағасы, ректор, Өскемен қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты Мұхтар Төлегенге  берілді. Ол жаңа Конституцияның маңыздылығы мен елдің құқықтық дамуына қосатын үлесін түсіндірді.

Содан кейін сөз кезегі Өскемен қалалық мәслихатының VIII шақырылымының 15-сайлау округі депутаты Анжела Горностаева  берілді. Депутат Конституция жобасының аймақтық және жергілікті деңгейде тұрғындар өміріне әсерін нақты мысалдар арқылы жеткізді.Келесі кезекте Қауымдастырылған профессор, заң ғылымдарының кандидаты Гульмира Байркенова жаңа заң жобасының құқықтық аспектілерін терең талдап, қатысушылардың сұрақтарына дайын жауаптар берді.

Кездесу барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, жауап алды. Бұл кезең жаңа Конституция жобасын толық түсіну мен пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Кездесу барлық қатысушылар үшін маңызды ақпараттық әрі білімді іс-шара болып, жаңа Конституция жобасын түсіндіру мен қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.