13 марта 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттер мен оқытушылар құрамының қатысуымен жаңа Конституцияға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуді университеттің Құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, жалпыұлттық коалиция мүшесі Гульмира Байркенова өткізді. Іс-шара барысында жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары, оның қоғам дамуына және мемлекеттік басқару жүйесіне ықпалы туралы кеңінен сөз болды.

Спикер қатысушыларға конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіріп, олардың елдің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртудағы рөлін атап өтті. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту және демократиялық институттарды дамыту бағытындағы жаңашылдықтар туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында студенттер мен оқытушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып аясында пікір алмасты. Мұндай түсіндіру кездесулері жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғамдағы маңызды саяси үдерістерге бейжай қарамауына ықпал ететіні атап өтілді.

Іс-шара соңында қатысушылар конституциялық реформалардың маңыздылығын талқылап, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін жеткізді.